Вискозиметрия әдiсiмен полимерлердiн полидисперстiлiгiн баfалау
Автор: kudaibergen kudaibergenov • Февраль 24, 2023 • Контрольная работа • 539 Слов (3 Страниц) • 267 Просмотры
№3 ЖҰМЫС
ВИСКОЗИМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ПОЛИДИСПЕРСТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Теориялық материал.
Полимерлердің молекулалық массасы. Молекулалық массаның түрлері. Молекулалық массаны анықтау әдістері. Молекулалық массалық таралу. Полимерлердің сұйытылған ерітінділері. Полимерлердің полидисперстілігі.
Оқулықтарға сілтеме.
1. Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Полимерлердің химиясы мен физикасы. – Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. 46-75 беттер.
2. Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015. 27-65 бет
3. Қаржаубаева Р.Ғ. Полимерлеу процестерінің химиясы //Оқу құр. -Қазақ унив.-2002, 80 б.
4. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н. Новгород: Издательский центр “Академия”, 2003. Стр. 183-225.
5. Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016. Стр. 198-213.
- 6. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник и для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015. Стр. 163-238.
Жұмыстың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты:
- вискозиметрлік әдіспен полимердің молекулалық массасын жақсы және нашар еріткіштерде анықтау;
- тұтқырлық сипаттамаларына сүйене отырып, жақсы және нашар еріткішті ажырату;
- әр түрлі сипаттағы еріткіштерді қолдана отырып, вискозиметрлік әдіспен полидисперстілікті бағалау әдісін меңгеру.
Реактивтер:
Полимерлер: полиметилметакрилат, полистирол
Еріткіштер: ацетон, толуол, ацетон-изопропанол, толуол-этанол қоспалары
Қажетті құрал-жабдықтар:
Термостат
Вискозиметр
Секундомер
Резеңке сорғыш
Өлшеуіш цилиндр
Пипетка
Жалпақ түпті колба, 50 мл
Жұмысты жүргізу тәртібі.
Полимердің полидисперстілігін анықтау үшін тұтқырлық әдісімен оның орташа тұтқырлық молекулалық массасын жақсы және нашар еріткіштерде анықтайды. Полиметилметакрилат үшін жақсы еріткіш ретінде ацетон, нашар еріткіш ретінде ацетон (50 көл.%) мен изопропанолдың (50 көл.%) қоспасы, полистирол үшін жақсы еріткіш ретінде толуол, нашар еріткіш ретінде толуол (77 көл.%) мен этанолдың (23 көл.%) қоспасы қолданылады.
Ең алғаш жақсы және нашар еріткіштердегі полимердің 1 г/дл 10 мл ерітінділері дайындалады. Ерітіндіні дайындағанда 1-зертханалық жұмыста синтезделген, тұрақты массаға дейін кептірілген полимерді пайдаланады.
Полимердің жақсы және нашар еріткіштердегі орташа тұтқырлық молекулалық массалары 2-зертханалық жұмыста сипатталған вискозиметрлік әдіспен анықталады.
Полимердің жақсы еріткіштегі молекулалық массасын анықтау үшін 2-зертханалық жұмыста тәжірибе бойынша алынған өлшеу нәтижелері қолданылады.
Зертханалық сабақ онлайн режимде өткен жағдайда жұмыс edpuzzle.com парақшасында бейнежазбаны көру және сұрақтарға жауап беру арқылы орындалады.
Алынған мәндерді өңдеу.
Тәжірибе бойынша алынған өлшеу нәтижелерін 1-кестеге толтырады:
1-кесте
№ | Ерітіндінің концентрациясы, г/дл | τ-ерітіндінің ағып шығу уақыты, сек | ηсал=τ/τ0 | ηмен=τ-τ0/τ0 | ηкел=ηмен/С |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 |
Есептелу арқылы ηсал, ηмен, ηмен/С мәндері анықталып, ηмен/С қатынасының концентрацияға (С) тәуелділік қисығы тұрғызылады. Концентрация (С) нөлге ұмтылғандағы түзу сызықты экстрополяциялау арқылы [η] мәнін тауып, Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі мен 2-кестеде келтірілген К және α-ның мәндерін пайдаланып, полимердің жақсы және нашар еріткіштердегі молекулалық массалары анықталады:
...