Өсімдіктердің тіршілік формалары және экологиялық топтары
Автор: Gumi3010 • Май 14, 2018 • Реферат • 2,005 Слов (9 Страниц) • 2,692 Просмотры
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Өсімдіктердің тіршілік формалары
2.2Өсімдіктердің экологиялық топтары
2.3Автотрофты және гетеротрофты өсімдіктер
3.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Түрлі экологиялық факторлар әсерінде өсімдіктердің белгілі – бір морфологиялық көрінісі және тіршілік формалары пайда болады. Түр мен тіршілік формалары бір нәрсе емес : бір түр түрлі экологиялық жағдайда әртүрлі тіршілік форма көрінісінде болуы мүмкін емес: ағаштар тіршілік ету жағдайына қарай бұта, жерге жайылып өсетін әртүрлі формаларда болуы мүмкін. Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі.
Негізгі бөлім
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Тіршілік формалары терминін 1884ж. Варминг енгізген. Тіршілік форма дегенде ағаштың (индивид) вегетатив денесі бүкіл өмірінде сыртқы ортамен байланысты болған форма түсінілген. Н.С.Серебряков тіршілік форма туралы (1962-1964) анығырақ түсінік беріп ол тіршілік форма дегенде өсімдіктер группасының маусымдық даму мен байланысты болған ерекшеліктері түсінілген. Өсімдіктердің маусымдық дамуда органдардың өсу, жаңалау әдістері сыртқы көріністері, өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделуі айтылған.
Өсімдіктер онтогенезінде тіршілік формалары тұрақты емес болады. Жетілген өсімдіктерде тіршілік формалары толығымен жетілген. Бір түр немесе бірнеше тіршілік формада кездесуі мүмкін. Өсімдіктер онтогенезі дәуірінде өзгеріп тұратын тіршілік формалар түрдің бір бөлігі және фитоценоздың бір бөлігін құрайтын популяциялар пайда етеді. Демек фитоценоз толық жетілген өсімдіктерде ғана емес жасымен өзгеріп тұратын тіршілік формалар жиындысы болып та саналады.
Тіршілік формалар ботаника ғылымының дамуының алғашқы басқыштарында ғалымдардың пікірінде болған “Тіршілік форма” түсінігі эрадан алдыңғы 300 жыл бұрын Теофраст еңбектерінде кең талданған. Ол “Исследование о растениях” деген еңбегінде: ағаш бұта, шала бұта, шөптесін өсімдіктерді талдаған, өз системасын түзген. Одан пайдаланған. К.Линней жұмыстарынан соң систематикада тіршілік формалардан (негізгі вегетатив белгілер) пайдалану тоқтатылған. К. Линней өз системасында генератив, жыныстық белгілерге негізделіп түзген.
Тіршілік формаларға қызығу ХІХ – ғасырда А.Гумбольттың “Идей физиономичности растений” атты еңбегі (1806) басылып шыққаннан кейін туылды. Гумбольт алғаш 16 одан соң 19 тіршілік формаларын анықтады. Бұл формалар климаттық жағдайға байланысты сыртқы көрінісінен бір – бірінен өзгешелігі болады. ХІХ – ғасырлардағы классификациялар арасында И.Г.Серебряков (1962) 2 бағытты таңдап алды.
1. Тіршілік формалардың экологиялық – физиономиялық классификациясы. Яғни өсімдіктердің сыртқы көрінісіне негізделген классификация. Бұл группаға көп авторлар таңдаған классификациялар : 1) Кернер 1863 – 12 тіршілік форманы Дунай мемлекеттерінен келтіреді. 2) Гризебах (1872) “Растительность земного шара” деген кітабында тіршілік формаларын 7 группаға бөледі. 3) О.Друде 1887 өзінің биологиялық классификация деп аталған классификациясын өсімдік формаларын 7 негізгі топқа анықтады. Ол жер жүзінде өмір сүретінсу өсімдіктерінің 40 тіршілік формасын анықтады. Оларға төменгі сатыдағы өсімдіктерде ендірілген 1928ж В.Н.Сукачев СССР тайга зонасы ормандары үшін тіршілік формаларының өзіне тиісті бөліктерін ендірді. Б.А.Келлер 1923 –26, 1933, жылдары шөл, шала шөлдер үшін тіршілік формалар системасын ендірді.
...