Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызықты биология

Автор:   •  Апрель 2, 2020  •  Лекция  •  586 Слов (3 Страниц)  •  605 Просмотры

Страница 1 из 3

«Қызықты биология»

________________________________________________________________

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.

Міндеттері:

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
  • Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;

Сабақ түрі: интеллектуалды ойын

Сайыстың барысы:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

7-сыныптар арасында өткізілетін «Қызықты биология» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын: Бүгінгі ойынға 2 топ қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, сайлап алсаңыздар.

 Енді топ басшылары ортаға шығып сіздерге бір сурет таңдасаңыздар, мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 1 минут уақыт беріледі. Осы суреттер арқылы бүгінгі сайысымыздың тақырыбын ашып алсақ!

Мұғалім: Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай,

білімдік сайысымызды бастаймыз

Ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 4 турдан тұрады:

I : Бәйге

II  Сыйқырлы сандар

III тур: «Суреттер сойлейді»

IV раунд: «Пантамима»

Олай болса  I  турымызды бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:

  • Сайысқа топ басшылар қатысады
  • Әр қатысушыға 1 минут уақыт беріледі
  • Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі

 Бәйге

1-топ

1.Шеткі жүйке жүйесіне нелер жатады?жүйе ұштары,жүйке түйіндері,жүйке жасушалары.

2.Тітіркену көзіне байланысты тропизмнің түрлерін атаңыз: фототропизм, геотропизм және гидротропизм,хемотропиизм

3.Жүйке жүйесі қалай бөлінеді? Орталық және шеткі жүйке жүйесі

4.Өсімдік тамырының ылғал көзіне қарай қозғалуы кезіндегі тропизм түрін анықта:Гидротропизм

5.Жұлын,қабырға,жүйке,ми не артық?(қабырға)

6.Сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен өсімдіктер мүшелерінің өсуі немесе бағытталған қозғалысы.Тропизм

7.Нейронның ұзын өсіндісі?(Аксон)

8.Өсімдік мүшелерінің едәуір ылғал ортаға қарай өсуі. Гидротропизм 9.Жүйке түйіндері қай жүйке жүйесіне жатады? (ШЖЖ)

2-топ

1.Өсімдіктің жарық көзі жаққа қарай өсуі. Фототропизм

2.Ішкі мүшелер жұмысының үйлесімі мен реттелуіне жауап беретін ағза жүйесі......Жүйке жүйесі

3. Жүйке жасушасы қалай аталады? нейрон

4.Оқиғаларды сақтау және жаңғырту қабілеті:есте сақтау;

5.Химиялық тітіркендіргішке реакция көрсетуден туындайтын өсімдіктің өсуі немесе қозғалуы. Хемотропизм

6.Нейронның қысқа өсіндісі? Дендрит

7.Ми қай жүйке жүйесіне жатады? (ОЖЖ)

8.Ішкі қуыстағы сұйықтықтардың қысымы негізінде дене пішіні мен қозғалысын сақтау жүйесі .Гидростатикалық қаңқа

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (100.2 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club