Цитология мен гистологияда пайдалаатын микроскопия әдістері
Автор: sergazinas4 • Март 1, 2019 • Реферат • 1,321 Слов (6 Страниц) • 1,187 Просмотры
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Цитология мен гистологияда пайдалаатын микроскопия әдістері
2.2. Радиоавтография әдісі
2.3. Тірі ұлпа клеткаларын зерттеу әдісі
2.4. Фиксациялау
2.5. Микрохирургия әдісі
2.6. Гистохимиялық және цитохимиялық әдістер
2.7. Сандық цитофотометрия
2.8. Гистоавторадиографиялық әдіс
2.9. Рентген сәулелерін дифракциялау әдісі
3.0. Дифференциалды центрифуга әдісі
III.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Заманауи зерттеу әдістері тіндерді тұтас түрде талдауға жағдай жасап қана қоймай, сондай ақ олардан ұзақ мерзім аралығында тіршілігін зерттеу үшін жеке жасушаларды бөліп алуға, жасушаның жеке органеллаларын және оларды құрайтын макромолекулаларды оқшаулауға, олардың қызметтік ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндіктер жаңа құралдар мен технологиялардың пайда болуына, яғни микроскоптардың алуан түрлерінің, компьютерлік техниканың, рентгенқұрылымдық талдаудың, ядролық - магниттік резонанс әдісінің, радиобелсенді изотоптардың және авторадиографияның, электрофорез бен хроматографияның, ультрацентрифуганың көмегімен жасушаның құрамын фракциялаудың, жасуларды бөлшектеу мен культивациялаудың, рекомбинатты ДНК және т.б алынуына байланысты ашылды.
Осылайша, биологиялық обьектілерді тіндік, жасушалық, қосалқы жасушалық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге болады.
Цитологилық және гистологиялық талдаудың басты сатылары зерттеу нысанына талдау, оны микроскоп арқылы қарауға дайындау, гистологиялық элементтердің көріністерін сапалық және мөлшерлік талдау болып анықталады.
Зерттеу нысандары болып- тірі және бекітілген жасушалар мен тіндер, микроскопты қолдану барысында алынған немесе диспей экранындағы олардың бейне көріністері болып табылады. Аталған нысандардың талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар әдістер бар.
2.1. Цитология мен гистологияда пайдаланылатын биологиялық обьектілерді зерттеудің негізгі әдісі микроскопия болып саналады, яғни цито-, гистологиялық препараттарды микроскоп арқылы зерттеу. Микроскопия зерттеудің жекелеген ідісі болуы мүмкін, бірақ соңғы кезде ол әдетте басқа әдістермен гитсохимия, гисторадиография т.б бірге қолданылады.
Микрокопияның келесі түрлерін ажыратады:
Жарық микроскопиясы (шешу қабілеттілігі ақ жарық толқынының ұзындығымен шектелген 0,2-0,3 мкм) - микроскопияның кең тараған түрі.
Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі- боялмаған гистологиялық препарттардағы құрылымдарды зерттеу. Ерекшелілігі – тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Қараңғы өрісті микроскопия. Қараңғы өрісте препараттарды арнайы конденсордың көмегімен қарастырады. Бұл әдіс тірі клеткаларды зерттеуде жиі қолданылады.
Интерференциялы микроскопия әдісі - жарықтың екі полярланған сәулелерінің бірі объект арқылы, енді біреуі объектінің қасынан өтуіне негізделген. Интерференциялы микроскоп көмегімен тірі объектілерді бақылауға болады, сондай-ақ клетка құрылымдарының құрғақ салмағы, клеткадағы құрғақ затпен судың концентрациясы, құрылымдардың қалыңдығы туралы мәліметтер алуға болады.
Люминесцентті (Флуоресценциялық) микроскопия. Тірі клеткаларды зерттеуге флуоресценциялы бояғыш заттар және флуоресценциялық микроскопия әдісі кеңінен қолданылады. Оның мәні бір заттардың жарық энергиясын жұтылуында жарықтандыру қасиетіне ие болуымен қорытындыланады. Қаралатын құрылымдағы химиялық заттарды анықтауға арналған.
...