Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фитопатогенді микроорганизмдер. Өсімдік дәрілікк шикізаттардың микрофлорасы

Автор:   •  Ноябрь 10, 2022  •  Реферат  •  1,169 Слов (5 Страниц)  •  980 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

         Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы

   РЕФЕРАТ

Тақырып: Фитопатогенді микроорганизмдер. Өсімдік дәрілікк шикізаттардың микрофлорасы. Өсімдіктерде ауру тудыратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер.

                                                                              Орындаған: Дүйсенбек А.Н.

                                                                              Тобы: ФҚА-01-20

                                                                               Қабылдаған: Арғынбек М.П.

                                             Шымкент, 2021 ж.

Өсімдіктекті дәрілік шикізаттар өндіру барысында микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Су арқылы, стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік бөлмелердің ауасы және медициналық қызметкер қолы арқылы. Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары -  фитопатогенді микроорганизмлермен бұзылуы мүмкін. Фитопатогенді микроорганизмдер өсімдіктердің көпшілігін зақымдап, таралуға қабылетті болып келеді.

Фитопатогенді микроорганизмдерге: бактериялар, вирстар және саңырауқұлақтар жатады. Бактериялар қоздыратын ауруды бактериоз деп атайды. Бактериоз қоздырғыштарының арасында псевдоманадалар, микобактериялар, эрвиниилер, коринобактериялар, аргобактериялар және басқа да түрлері кездеседі.  Бактериоздарды жалпы және жергілікті деп ажыратады. Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе оның жеке бөлімдерінің өлуін туғызады. Олар түптамырларында немесе тамырлы жүйесінде көрініс беруі мүмкін. Жеке  бактериоздар өсімдіктің зақымдауымен шектеліп, паренхималы тіндерде көрініс береді.

Erwinif туыстастығы күйік, солу, ылғалды немесе сулы шірінді типті ауру шақыратын түрлерден тұрады. Мысалы: E.amylovora алма мен алмұрт күйігінің қоздырғышы, E.carotovora ылғалды бактериялық шірінді қоздырғышы.  Pseudomanas туыстастығы бактериялды дақ шақырады. Бұл кезде жапырақтарда әртүрлі боялған, өсімдік түріне байланысты мөлшері әртүрлі түрлі түсті дақтар түзіледі.  Xanthomonas туыстастығындағы бактериялар жапырақтарда дақ түзіп зақымдап, өсімдіктің тамырлы жүйесіне еніп, оның элементтерін тығындап, өсімдік өлімін туғызады.   Аргобактериялар өсімдіктерде әртүрлі ісіктер тудырады. Ісіктің дамуы онкогенді плазмидамен қоздырылады, ол аргобактериямен өсімдік жасушасына беріледі. Бұл бактерияның гликопептидтері өсімдік тамырының жасушалық мембранасын зақымддау нәтижесінде өсімдік тамырын бітеп, оның жойылуына әкеледі. Бактериоздар қоздырғыштары зақымдалған тұқым, ауру өсімдік қалдығы, топырақ, ауа, су, жәндіктер арқылы беріледі. Бактерия өсімдік ішіне енгеннен соң, өсімдік жассушалары зақымдалып, бір бірінен ажырайды. Бұлай ену интрацелюлярлы, жасушааралық, ауруы паренхиматозды деп аталады.  Бактерия тамыр шоғында өсіп көбейсе, тамыр қуысы бактериалық массамен бітеліп, нәтижесінде бактерия токсинінің әсерінен өсімдік солады.

Өсімдітктерде мозаика және сарғыштану ауруын шақыратын қоздырғыштар-вирустар. Мозаикалық ауруда өсімдік өсуі төмендеп, зақымдалған жапырақ пен өнімде дақты түс көрінеді. Сарғыштану өсімдіктің ергежейлілігімен, көптеген бүйір өскіндерінің, гүлдерінің т.б. өзгерістерінен байқалады. Зақымданған дәннен тағам дайындағанда, өсімдіктерді зақымдайтын саңырауқұлақтар тағамдық улану-микотоксиз қоздырады. Микотоксиз, мысалы, эрготизм ауруы қастауышпен зақымдалған дәннен дайындалған азықты қолданғанда дамиды. Төменгі температурада, ылғалды жағдайда өсімдіктерде Fusarium, Penicillium, Aspergillus және т.б. саңырауқұлақтар дамып, адамдарда микотоксиз қоздырады.

Фитопатогенді микроорганизмдермен күресу үшін келесі шаралар жүргізіледі: төзімді өсімдіктер өсіру, тұқымды тазалау және өңдеу, топырақты залалсыздандыру, зақымдалған өсімдіктерді алып тастау, ауру қозғышдырғышые тасымалдаушыларды жою

Дәрілік өсімдік шикізаттары (ДӨШ) – бұл медицинада қолдануға рұқсат етілген, химиялық өңдеуден өтпеген бүтін дәрілік өсімдіктер немесе оның бөліктері. ДӨШ ретінде кептірілген кейде жас  балғын түрінде дәрілік зат ретінде немесе фитопрепараттар алу үшін, сонымен қатар дәрілік белсенді заттарды бөліп алу үшін пайдаланады. ДӨШ дайындау – бұл кезекті этаптардан тұратын үрдіс: жинау, алғашқы өңдеу, кептіру, стандартты жағдайға келтіру, орамдау, сақтау. Барлық этаптар шикізаттарда ББЗ сапасы және нормативті құжаттардың талаптары сақталатындай етіліп жүргізілуі тиіс. Дәрілік өсімдік шикізатының сапасы белгілі бір талаптар мен нормаларға сай болуы керек. Бұл нормаларда мемлекеттік органдар құжат ретінде құрады және олар стандарттар деп аталады. ДӨШ стандартты жағдайға жеткізу. Дайындау пунктеріне жинаушылардан түскен шикізаттарды қосымша өңдеуден өткізеді – мұны стандартты жағдайға жеткізу деп атайды. Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы фармакологиялық белсенді заттардың ең көп мөлшері жиналған вегетация кезеңінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (119.8 Kb)   docx (85.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club