Темірбетон плиталарының сапасын жоғарылату
Автор: Aiseriksamgar36 • Ноябрь 29, 2020 • Реферат • 1,200 Слов (5 Страниц) • 580 Просмотры
9.Органеллалар. Анықтамасы, жіктелуі. Жалпы органелла және арнайы.. Мембраналы және мембраналыемес органеллалар
Органоидтардың классификациясы (жіктемесі) Құрылысы бойынша органеллалар мембраналы және мембранасыз болып бөлінеді. Мембраналы органеллаларына митохондриялар, гранулды¬ және агранулды эндоплазмалық торлар, Гольджи аппараты, лизосомалар, көмкерілген көбікшелер, пероксималар жатады. Мембранасыз органеллалар тобына кіретіндер: а)еркін¬ рибосомалар мен полирибосомалар: б)микротүтікшелер және олардан тұратын құрылымдар-центриольдер, кірпікшелер мен ширақшалар (жгутик); в)фибрилді талшықты (құрылымдар)- микрофиламенттер, аралық жіпшелер.
Эндоплазмалық тор. • Эндоплазмалық торды 1945 жылы К.Р. Портер ашты. Жасушаның вакуолярлық жүйесінің бұл құрамдас бөлігі - бұл вакуольдер, жалпақ мембраналық қапшықтар немесе үш өлшемді мембрана торын құрайтын құбырлы түзілімдер жиынтығы. • Эндоплазмалық тор : гранулды (түйіршікті) және агранулды (түйіршіксіз) болып екіге бөлінеді.
Гранулды (түйіршікті) эндоплазмалық тор Морфологиялық сипаттамасы: сыртқы бетінде көптеген рибосомалар бар мембраналардан пайда болған цистерналар, түтікшелер және көпіршіктер жүйесі. Негізгі қызметі: мембраналық және секреторлы ақуыздарды синтездеу
Агранулды (түйіршіксіз) эндоплазмалық тор Морфологиялық сипаттамасы: бетінде рибосомалары жоқ, бірбірімен анастомоздар(қосылым, жалғамалар), құрайтын мембраналық өзекшелер, көбікшелер және, жиірек ұшырасатын, түтікшелер жүйесі. Негізгі қызметі: стероид гормондарын, липидтерді, көмірсуды синтездеу.
Гольджи кешені Гольджи аппаратын 1898 жылы италиялық неврапатолог К. Гольджи күміс тұздарымен импернациялаған нерв жасушаларының цитоплазмасында тапты. Жарық микроскобы арқылы зерттегенде, Гольджи комплексі, әдетте ядроның жанында орналасқан қоңыр түсті тор, кейде қабықшақтар, таяқшалар немесе түйіршіктердің жиынтығы түрде көрінеді. Болашақта оны Гольджи аппараты немесе Гольджи кешені деп атай бастады.
Гольджи аппараты 1 көбікшелер: 2 цистерна. Гольджи кешені Морфологиялық сипаттамасы: Негізгі құрылымдық элементтеріжалпақша келген мембраналық қапшалар - цистерналардан және оларды қоршаған, ұсақ транспорттық көбікшелер мен ірі вакуольдерден тұрады. Негізгі қызметі: Жасушаның секрециялық кезеңінде жетілуі, конденсациясы, өнімдерді жинақтауы, секреторлық көбікшелердің, сонымен қатар лизосомалардың түзілуі. Жұлын түйінің жасушаларындағы Гольджи кешені.
Осмий қышқылымен боялған. х 400. 1-ядро мен .ядрошық; 2-цитоплазма; 3-Гольджи кешені .
Лизосомалар Лизосомалар экзогенді және эндогенді макромолекулалар ыдырауының ақырғы кезеңдерін ішіндегі қышқыл гидролазары арқылы атқаратын мембраналық көбікшелер. Олардың ішкі ортасының қышқылдығы (рН 5,0 және төмен) үстем болғандықтан, лизистік ферменттердің белсенділігі артып, заттар толық ыдырайды. Лизасоманы 1949 жылы де Дюв ашқан. Қорытылатын заттардың тегіне қарай, лизосомалардың төрт түрлерін ажыратады: фаголизома, аутофаголизосома,мультивезикула лық және қалдық денешелер. Лизасомалар. Егеуқұйрықтың лимфа түйініндегі макрофаг цитоплазмасының бір бөлігінің электронды микросуреті. Х 26000.
- электронды тығыз бөлшектері бар лизосомалар; 2- митохондриялар; 3-эндоплазмалық тор
Фаголизосомалар – кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың, құрамында сырттан жұтылған тығыз және ірі түйіршіктері бар фагосомен бірігуі арқылы қалыптасады. Субстратты ыдырату процесі гетерофагия деп аталады.
Аутофаголизосомалар - кеш кездік эндосомалар немесе лизасомалардың аутофагосомамен бірігуі нәтижесінде түзіледі, құрамында жасушаны ыдырататын компоненттері бар.
Мультивезикулалық денешелер – ерте кездік және кеш кездік эндосомалардың бірігуі арқасында пайда болады, көбікшелері және ақшыл, қоймалжың матриксі бар ірі шар пішінді мембраналық қапшалар.
...