Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан компаниясындағы еңбек өнімділігін жоғарылату резервтері

Автор:   •  Февраль 6, 2021  •  Реферат  •  767 Слов (4 Страниц)  •  316 Просмотры

Страница 1 из 4

Тақырыбы:  Қазақстан компаниясындағы еңбек өнімділігін жоғарылату резервтері

Жоспар:

  1. Соңғы 5 жылдағы «Қазтрансойл» кәсіпорынының жағдайы мен динамикасына сипаттама.
  2. Кәсіпорынның өнімділік көрсеткіштеріне шолу.
  3. Өнімділікті жоғарылатудың негізгі резервтері
  4. Қазіргі жағдайда қиындықтарды жеңу үшін резервтерді ашып, өнімділікке әсер ету жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


«ҚазТрансОйл» - Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын. Қазақстанның құбыр желісі инфрақұрылымының көп бөлігін пайдалануға береді. «ҚазТрансОйл» АҚ Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне кіргізілген.

Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.

Соңғы 5 жылдағы «Қазтрансойл» кәсіпорынының жағдайы мен динамикасына сипаттама

 «ҚазТрансОйл» компаниясының 5 жылдағы қызметі қарқынды дамып отырды.  2015 жылға қарағанда 2019 жылда компанияның түсімі 12% -ға артып отыр.  2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 44 463 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,9 %-ға төмендегенімен, жылдық кіріс пен таза пайда мөлшері артып отыр. Бұған себеп жоғарыда келтірілген бағдарламалар мен шаралар жүйесі. Жалпы жыл бойы көрсетілген қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында 2019 жылы Компания тұтынушыларды 100 % қамтумен мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығын бағалау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттанудың жалпы коэффициенті 100 %-ды құрады.

Компанияның қаржылық көрсеткіштері:

Көрсеткіш/Жыл

2015

2016

2017

2018

2019

Жалпы кіріс, млн. теңге

213 162

207 108

222 450

225 400

239 626

Сатудың өзіндік құны, млн теңге

124 064

129 862

146 599

152 394

159 872

Жиынтық пайда, млн теңге

44 713

44 528

50 118

38 485

45 121

Активтер, млн теңге

619 263

744 976

764 227

803 441

912 813

Капитал, млн теңге

472 932

587 975

599 691

625 416

702 979

Міндеттемелер, млн теңге

146 331

157 001

164 536

178 025

209 834

EBITDA, млн теңге

110234

102 467

108 796

108 544

115 766

ROA, %

7,4

6,5

6,6

4,9

5,3

ROE, %

9,6

8,4

8,4

6,3

6,8

 «ҚазТрансОйл» жұмыс істейтіндердің саны

Жыл

2015

2016

2017

2018

2019

Жұмысшылар саны

8129

7914

7152

6923

6773

     

2019 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының бойындағы транкингті байланысты жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген МРТ-1327 аналогты транкинг жүйесі DMR Tier-III Pro стандартындағы цифрлы кәсіби транкингті радио байланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде Қазақстанда 80 транкингті радио байланыс базалық станциясынан тұратын ең үлкен цифрлы кәсіби транкингті радио байланыс жүйесі пайдалануға берілді.

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (197.3 Kb)   docx (563.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club