Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көпқуысты темірбетон жабын тақтайшалары

Автор:   •  Январь 23, 2018  •  Курсовая работа  •  4,926 Слов (20 Страниц)  •  1,444 Просмотры

Страница 1 из 20

Мазмұны

Кіріспе

      5

1 Құрылыс аймағының сипаттамасы

     6

2 Шығарылатын бұйым номенклатурасы

     7

3 Шығарылатын бұйымға қойылатын негізгі талаптар

     8

4 Технологиялық бөлім

    9

4.1 Зауыттың жұмыс істеу режимі

    9

4.2 Зауыттың өнімділігі

    10

4.3 Шикізат және жартылай дайын өнім

    10

4.4 Бетон құрамын есептеу

    13

4.5 Қойма есептемесі

    15

4.6 Өндірістің технологиялық үдерістері

    18

4.7 Негізгі технологиялық және көліктік қондырғылардың есептемесі

    22

4.8 Технологиялық үдеріс пен дайын өнім сапасын бақылау

    23

5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

    25

Қорытынды

    26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Құрылыс кластері арқылы отандық өндірістегі жоғары сапалы құрылыс материалдырамен қамтамасыз ету қазіргі уақытта күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруда басым рөл ойнайды. Қазақстанның құрылыс индустриясы 700-ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрайды, олардың негізгі қызметі материалдарын өндіру болып табылады.

Темірбетоннан жасалған бұйымдарды, конструкцияларды құрылыс жұмыстарында кеңінен пайдалану құрылыстағы жұмыс мөлшерін едәуір азайтып, оның өнімділігін көтеруге мүмкіндік ашты.

Темірбетон бұйымдарының беріктігі мен ұзақ мерзімділігінің жоғарылығы, жоғары температура мен агрессивті ортаға қарсылығының жоғарылығы құрылыста кеңінен қолданылуына септігін тигізеді. Темірбетон бұйымдары ішінде жиі қолданылатын, үй немесе ғимарат құрылысының негізі болып табылатын – темірбетонды жабын тақтайшалары.

Жабын тақтайшалары - ғимараттың көтерме конструкцияларын жасау үшін арналған темірбетон бұйымдары. Оларды ауыр маркалы бетондарды, тығыз құрылымды жеңіл конструкциялық бетондарды, сонымен қатар тығыз силикатты бетондарды пайдалану арқылы дайындайды.Тақтайшалардың  негізгі қолданыс ортасы – ірі панельді ғимараттардың көтерме жабынын тұрғызу. Олар аз қабатты құрылыста да, биік ғимарттар салуда да қолданылады.

Мен өзімнің бағамдық жобамда өнімділігі 25000болатын темірбетонды іргетасты арқалық шығаратын зауыттын жобасын ұсынамын.[pic 1]

Курстық жобаның бірінші тарауында – құрылыс аймағына сипаттама беріліп кетеді. Екінші тарауда – зауытта шығарылатын өнімнің номенклатурасы көрсетілген. Үшінші тарауда – шығарылатын бұйымға қойылатын негізгі талаптар аталып өтіледі. Төртінші тарауда – зауыттың жұмыс істеу режимі, өнімділігі, қойма есептемелері, қажетті шикізат пен жартылай дайын өнім сипаттамалары, өндірістің технологиялық үдерістері, негізгі технологиялық және көліктік қондырғылардың есептемесі, энергетикалық ресурстарға қажеттілік есептемесі, технологиялық үдеріс пен дайын өнім сапасын бақылау көрсетілген. Бесінші тарауда – еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жайлы айтылып кетеді.

1 Құрылыс аймағының сипаттамасы

Зауыт құрылысы Семей қаласында орналасқан. Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы көлемі жағынан екінші орындағы қала. Географиялық жағдайы континеттік және дымқылдану дәрежесінің айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі, климаттың әр түрлі көптеген типтері арқылы ерекшеленеді. Климаттың күрт континеттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен түсіндіріледі. Қыста -45, ал жазда +45.

Жылу энергетикалық ресурстары негізінен Ертіс, Шүлбі және Тарбағатайдан келетін көптеген ұсақ өзендер энергия ресурстары негізінде іске асады. Семей аумағында химиялық өнімдердің аздаған орындары да кездеседі (ас тұзы, мирабилит т.б.).

...

Скачать:   txt (63.7 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (763.5 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club