Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математика заңдылықтары
Автор: sagynaev-eset • Февраль 9, 2019 • Реферат • 2,047 Слов (9 Страниц) • 1,270 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Биомедицина негіздері
Кафедрасы: Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы
Курс: І
Тақырыбы: Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математика заңдылықтары
Орындау әдісі: мәнжазба
Орындаған: Сагынаев Есет Досанович
Тобы: 108 «А»
Тексерген: Мәдихан Жәнібек Шалқарұлы
Ақтөбе 2019жыл
Жоспар
1. | Кіріспе...................................................................................................... | 3 |
Негізгі бөлім | ||
2.1. | Қан тамырлар жүйесіндегі қан ағысы ................................................ | 4 |
2.2. | Қанның реологиялық қасиеттері.......................................................... | 4 |
2.3. | Қанның физика-химиялық қасиеттері................................................. | 5 |
2.4. | Қан ағысының режимдері..................................................................... | 7 |
3. | Қорытынды............................................................................................. | 9 |
Пайдаланылған әдебиеттер |
Кіріспе
Жүрек қан тамырлар ауруларының кең таралған заманында қан қозғалысының заңдарын білу аурудың пайда болу механизмдерін түсіну ҥшін және профилактикалық шаралар қабылдап, емдеуге қажетті әрекеттер ді жүзеге асыруға мҥмкіндік береді. Гемодинамика - (гемо- + грек. dynamikos күшті, күшке қатысты ) - биомеханиканың жүрек - қан тамырлар жүйесіндегі қан қозғалысының механизмдерін, қозғалыс шарттарын қозғалыс себептерін гидродинамиканың физикалық заңдарын пайдалануға негізделіп зерттейтін биомеханиканың бір саласы; Гем - (гемат-, гемато-, гемо-; грек. haima, haimatos қан) - «қанға қатысы бар » дегенді білдіретін күрделі сөздердің құрамы; Қан - (sanguis) – сұйық ұлпа, ағзада химиялық заттарды тасымалдаушы (оның ішінде оттекті), тасымал нәтижесінде жасушаларда жасуша аралық кеңістікте біріңғай жҥйеге келген биохимиялық процестердң интеграциясы жҥреді. Қан құрамының сұйық бөлігі - плазма және оған араласқан (формендік ) элементтер. Гемодинамика күйі бірнеше факторлармен анықталады.Олардың ең маңыздылары тамыр арналарының құрылысы, тамыр қабырғаларының механикалық қасиеттері, қанның реологиялық қасиеті мен жүректің жұмысы. Бұл факторлардың бәрі орталық жүйке жүйесінің ықпалында болады. Қан айналым жүйесі анатомиялық және физиологиялық жағынан алып қарағанда өте күрделі. Қан айналым жүйесі бір түтікше – аортадан басталып біртіндеп тарамдалып, миллионнан артық капиллярларға айналып кетеді.
Негізгі бөлім
2.1. Қан тамырлар жүйесіндегі қан ағысы
Жүрек, қан-тамырлар жүйесін тұйықталған, көптеген тарамданған түтіктері сұйықтармен толтырылған, қабырғалары эластикалық болып келетін көрнекі моделі ретінде қарастыруға болады. Сұйықтықтың қозғалысын ырғақты жұмыс істейтін груша тәрізді екі клапаны бар сорғыш атқарады. Сол жақ қарынша жиырылған кезде (груша сығылғанда) шығарушы сол жақ клапан ашылып, ондағы тұрған сұйықтық түтікке аорта құйылады. Қабырғалардың созылуына байланысты түтік көлемі ұлғайып, ол артық сұйықтықты сыйғызады. Содан соң сол жақ клапан жабылады. Аорта қабырғалары біртіндеп жиырылып, артық сұйықтықты келесі жүйе звеносына (артерияға) құяды. Олардың да қабырғалары өзіне артық сұйықтықты қабылдап, алдымен созылып, содан соң сұйықтықты келесі жүйеге беріп, жиырылады. Қан айналым циклының қорынды кезеңінде сұйықтық шығарушы оң жақ клапан арқылы түтікке жиналады, яғни сорғышқа қайтып келеді.
...