Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоршаған орта факторлары өсiмдiк ағзасына әсерінің жалпы заңдылықтары

Автор:   •  Октябрь 2, 2023  •  Лекция  •  5,479 Слов (22 Страниц)  •  251 Просмотры

Страница 1 из 22

1 ДӘРІС. ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫ ӨСІМДІК АҒЗАСЫНА ӘСЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

ЖОСПАРЫ:

  • Қоршаған орта факторларының классификациясы
  • Ағзаларға факторлардың біріккен әсерінің жалпы заңдылықтары
  • Өсімдіктер онтогенезінің қоршаған ортаға деген бейімделгіштігі
  • Қоршаған орта және тұрақты дамудың алғышарттары мен мақсаттары
  • Қоршаған орта мен өсімдіктер физиологиясының байланыс формасы. Бейімделу және тұрақтылық шектері

1. Қоршаған орта факторларының классификациялары

Қоршаған орта дегеніміз - зерттеліп отырған обьектіден және субьектіден тысқары жатқан орта. Ағза немесе организм (гр. оrganon және лат.оrganіzo-келісті түрге келтіру) - белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Ағза  бірнеше деңгейден - жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі, бүкіл дене тұтастығынан тұрады.

Ағзалар - тіршіліктің нақты тасымалдаушы. Олар қоршаған ортадан қажетті заттарды тұтынады, оған қажет емес заттарды метаболизм өнімдерін шығарады, одан кейін басқа организмдер де қолдана алады. Барлық осы процестер күрделі, динамикалық ортада жүреді. Табиғи тіршілік ету ортасы факторлар кешенімен тығыз байланыста. Осы факторлардың жиынтығы организмнің өмір сүру жағдайларын құрайды. Бұл үнемі өзгеріп тұратын процестер тәулік, жыл ішінде, өмір сүру жағдайлары немесе қоршаған орта факторларына бейімделу жағдайы деп аталады. Бейімделу биологиялық спектрдің барлық деңгейлерінде көрінеді және жасуша биохимиясы жеке организмдер құрылымы мен қауымдастықтары экологиялық жүйелердің  бірігіп жұмыс істеуінен құрылады.

Барлық бейімделулер тарихи тұрғыдан дамыған өсімдіктер мен жануарлар қауымдастығының әр географиялық аймағына сәйкес өтеді. "Өмір сүру жағдайлары" - өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетін анықтайтын факторлар жиынтығы. Ешбір организм өмір сүру жағдайларын өздігінен жасай алмайды. Ю. Мюллер және оның әріптестері аллеопатиялық құбылысты зерттеді. Тікенекті бұталардан бөлінетін ингибиторлардың химиялық табиғаты мен физиологиялық әсерін зерттеп, ингибитордың аллеопатиялық қасиеті осы жердегі қауымдастық түзілуі мен дамуына тікелей қатысы бар екенін дәлелдеген. Бұл таксиндер (ценеол және камфора) жапырақтарда және құрғақ мезгілде топырақта көп мөлшерде жинақталып, ауыспалы мезгілде әрбір бұтаның аумағында өсімдіктердің өсуі мен тұқымдардың дамуын тоқтатады. Ал кейбіреулері суда тез еритін антибиотиктер (фенол және алкалоид) бөліп қауымдастықта доминаттылық көрсетуге негіз болады. Хош иісті бұталар шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді.

Сондықтан әрбiр организмнiң өзiне ғана қолайлы ортасы немесе мекенi болуы тиiс. Мәселен, көлбақа үшiн - қалыпты өсiп­көбеюiне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. Ал, қуаң дала немесе шөлейтті жерлер - ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Oлардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Cонымен орта дегенміз - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына, тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерің жиынтығы. Aл, организмге қажетті жағдайлар деп - тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элменттерін айтамыз. Ағзаларға қатысты кейбір факторлар шарттардың бірі және ресурс ретінде қарастырылады. Бұл - жарық, ылғал, тұз, топырақ ерітіндісі, судың күйі, т.б.

Экологиялық фактор дегеніміз - организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді организмдер болса, факторлардың әсеріне әртүрлі реакциямен жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші рөл атқарса, ал тұщы су оргнизмдері үшін қажеті шамалы [Андреева Т.А., 2006.184 б.]. Организмдерге әсер етуіне орай факторларды абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп жіктейді.

...

Скачать:   txt (81.4 Kb)   pdf (320.5 Kb)   docx (884.2 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club