Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Медицина саласында клеткалық биотехнологияны пайдалану және қазіргі кездері қолданылатын жаңа клеткалық технологиялар

Автор:   •  Март 7, 2024  •  Лекция  •  1,441 Слов (6 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 6

Дәріс № 4

Дәрістің тақырыбы: Медицина саласында клеткалық биотехнологияны пайдалану және қазіргі кездері қолданылатын жаңа клеткалық технологиялар

Дәрістің мақсаты: Студенттерді клетка деңгейіндегі биологиялық обьектілердің медицина саласында қолдану мүмкіншіліктерін және оны алу, қолдану ерекшеліктерімен маңызын түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар: 

  • Клеткалық биотехнологияның медицинадағы маңызы
  • Зерттеу обьектілірі
  • Алынған нәтижелер

ХХ ғ. аяғы бұрын емі жоқ болып келген ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін тұрақты жаңа және тиімді биомедициналық технологияларды дамытуда алғы шарт болған молекулалық және клеткалық биология саласындағы бірқатар үлкен ғылыми жетістіктер болып табылады.

 Эмбриондардан, гаметалардан және ересек организмдерден алынған адамдар мен жануарлардың түрлі ұлпаларының алғышарт клеткалары (клетки – предшественники) мен түтікше клеткаларды (стволовые клетки) ұзақ уақыт культивильлеу әдістерін экспериминтальды биология практикасына енгізудегі жетістіктер – орын басушы клеткалық және ұлпалық терапия технологияларын дамыту алғышарты болды.

Клеткалық дифф-ка және ұлпалардың регенерациясы механизмін зерттеу жөніндегі фундаменталды эксперименттердің ары қарай дамуы мен клеткалық және гендік терапияның жаңа биомедициналық технологияларын жасау және дамыту – трансплантаттарды иммундық қабылдалауды шақырмайтын адекватты клеткалық материалдың болуына тікелей байланысты.

Орын басушы терапия әдістерінің дамуы үшін – эмбриондардың, ұрықтардың және ересектердің ұлпаларынан бөліп алынған бластоцисталардан, түтікше клеткалардан және алғышарт клеткалардан алынған адамның эмбрион түтікше клеткаларын тарсплантациялайтын материал ретінде қолданудың маңызы зор. Бұл клеткалар мен клеткалар тобының in-vitro пролиферативті потенциалы жоғары және постнатальді онтогенездің барлық этаптарындағы кз келген клеткамен ұлпаға диффренциациялану қабілетіне ие.

Түтікше клеткалар мен алғышарт клеткалардың in-vitro бағытталған дифф-ка механизмдерін игеру – адамның көптеген ауруларын емдеу кезінде қолданатын орын басушы биомедициналық технологияларға қажетті донорлық материал алу проблемасын шешеді. Сондай-ақ, индивидуалдың пациенттің генет. информациясын жұмыртқалық жасушаға көшіру арқылы түтікше клеткаларды алу мүмкіндігі туып отыр. Ал бұл жұмыртқа жасушадан кейін бластоцистаның даму кезінде трансплантацияға қажет түтікше клеткалар алуға болады.

Түтікше клеткалар мен алғышарт клеткаларды қолданатын орын басушы терапия (заместительная терапия) проблемаларын шешудің жаңа жолдарын іздеуге байланысты, биологтармен клинцистердің назарын – бірқатар индуцирлеуші (индуцирующий) өсу факторларының әсерінен бұл клеткалардың әртүрлі мамандаған соматикалық клеткаларға бастама бола алатыны және бұл қасиетін ұзақ криоконсервациядан кейін де сақтай алатын қасиеті өзіне аударып отыр.

Эмбрионалды түтікше клеткалардың клондарын клеткалық орын басушы және гендік терапияда кеңінен қолдану мүмкіндігі АҚШ, Англия, Германия, Жапония және т.б. елдерде жоғары бағаланып келеді. Мәселен, АҚШ-та қазіргі кезге дейін NIH инструкциясы бойынша адам эмбрионынан ПСК-ны бөліп алу жұмыстарын мемлекеттік қолдауға тыйым салынғанымен, мұндай клеткалар линиясымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірқатар жеке лабораториялар мен биотехнологиялық компаниялар – түтікше клеткаларды алу мен терапевтикалық пайдалану әдістерін жасауға кірісіп кетті. Олардың ішінде Geron Corporation, Stem Cell inc. және т.б. бар. 2000ж. адамның түтікше клеткаларын зерттеуші – маманданған, коммерциялық емес WiCell институты құрылды. Қаражаттарды биомедициналық мақсаттарға бөлу кзінде басты рөл атқаратын мүмкіндігі мол пациенттер организациясы (Patients Coalition for Urgent Research) адамның түтікше клеткаларын қолдануға негізделген клиникалық технологияларына зәру АҚШ-тың ауру азаматтарын қамту жөнінде скрининг жүргізді. Анализ нәтижелері – жүрек аурулары, онкологиялық, аутоиммундық аурулар, диабет, остеопороз, омыртқа зақымдануы, Альцгеймер және Паркинсон аурулары бойынша ғана «болашақ» клиенттер саны 128 млн. адам болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл тізімге сондай-ақ емделуі үшін түтікше клеткалары керек болатын өте қатты күйген және т.б. Этиологиялық жаралары бар пациенттер енгізілмегенін ескеру керек.

...

Скачать:   txt (23.1 Kb)   pdf (141.9 Kb)   docx (197.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club