Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология

Автор:   •  Октябрь 27, 2021  •  Контрольная работа  •  1,455 Слов (6 Страниц)  •  590 Просмотры

Страница 1 из 6

№6 Дәріс

ТАБИҒИ ҚОРЛАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қарастырылатын сұрақтар

1. Табиғи қорлар және олардың маңызы

2. Табиғи қорлардың жіктелуі

3. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология

 

1. Табиғи қорлар және олардың маңызы

Биосфераның және қоғамның дамуының негізгі қажеттіліктері болып табылатын табиғи қорлар мен байлықтар. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді тіршілік етуінің негізгі кепілі табиғи ресурстарды тиімді аз қалдықты етіп пайдалану болып табылады. Табиғи қорлар адам еңбегінсіз бірақ адамның қолданысы үшін жасалған табиғи объектілер. Табиғи ресурстар  деп  материялды  өндірістің барлық сұраныстарын  (минералдық, жерлік, ормандық, сулық ресурстар)  қанағаттандыруға  болатын  барлық табиғи байлықтарды  айтамыз. Оған  табиғи  ресурстармен  қатар, табиғи  жағдайларды да қосамыз.

         Адамзаттың күнкөрісі мен тіршілік етуге қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи қорлар деп аталады. Табиғи қорларға су, жер, өсімдік, жан-жануарлар, тау, тас, қазба байлықтары және өзге де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниелердің барлығы жатады. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде адамзат, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс қажетін өтеуге арналған заттар, жанар-жағар май, өнеркәсіпке қажетті шикізатты алады.

Адамның шаруашылық іс-әрекетіне қолданылатын жер мен оған жақын космос аймағы табиғи-ресурсты потенциал деп аталады.

Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін жаратылыста кездесетін табиғи қорларды, шикізатты өңдеп, олардан әртүрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды олардағы шикізат көздерін зат айналым цикліне қатыстырады. Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін өзінің өңдеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, оларды өзгеріске ұшыратуы қордың айналымы болып табылады. Табиғитта зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Табиғи-ресурстық потенциалды анықтауда табиғи қорлары пайдалануды шектеу қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасайды, сондықтан да табиғи қорларды жіктеудің маңызы зор. Қоғамның   тұрақты даму мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды  адам  қажеттілігіне сай, аз мөлшерде пайдалану, табиғи – ресурсты   потенциялды анықтау кезіндегі  негізгі ой болып табылады. Ерте заманнан бастап-ақ адам қоршаған ортадан пайдалы қазбаларды өндіре бастады. Оның уақыт өткен сайын көлемі ұлғая берді.

          2. Табиғи қорлардың жіктелуі

Табиғи қорлар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді.

Жаратылыстың құрамында болуына қарай олар жер, су, орман, кен қазбалары деп жіктеледі. Сонымен қатар мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын деп топтастырылады. Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп жіктейміз. Жаңғырмайтын қорларға адамзаттың пайдалану барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс заттары тән. Салыстырмалы жаңғыратын қорларға жаңғырмайтын қорларға қарағанда өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіріп алатын (бастапқы) түрі жатады.

Табиғи қорлар[pic 1][pic 2]

[pic 3][pic 4]

Адамның қатысына қарай  Үнемдеуіне қарай  Қолданылуына қарай  Тиімді пайдаланылуына[pic 5][pic 6][pic 7]

                                                                                                                                      қарай[pic 8]

                                         

                                                                                                                                 

Нағыз қор                                   Сарқылатын            Өндірістік                       Алмастырылатын

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (179.5 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club