Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның медицина саласындағы әлеуметтік проблемалар

Автор:   •  Май 6, 2021  •  Эссе  •  1,745 Слов (7 Страниц)  •  1,033 Просмотры

Страница 1 из 7

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

               «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»

[pic 1]

                                             Эссе

 

Тақырыбы: Қазақстанның медицина саласындағы әлеуметтік проблемалар

                                               Орындаған: Асанова Жанерке Муратқызы

                                               Тексерген: Ляпбаева Нургул Ибрагимовна

Жалпы «Денсаулық зор байлық» демекші адамзаттың ең бірінші байлығы денсаулық болып табылады.Негізі адамзаттың денсаулығы жақсы болса,ол қоғамға да әсер етеді.Денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының ажырамас бөлігі болып табылады және әлеуметтік-экономикалық өсудің негізін құрайтын, еңбек ресурстарының көбеюі мен сапасын қамтамасыз ететін аймақтар мен елдің бірыңғай экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың денсаулығына инвестиция салу экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік пайда әкеледі - азаматтың өзіне, отбасына және мемлекетке жауапкершілікпен қарау жоғары әлеуметтік келісім мен жоғары азаматтық қоғамның қалыптасуына әкеледі. Денсаулық өмірімізге қажетті мінез-құлық, әлеуметтік және басқа да өмірлік дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту мақсатында қолданылады.

Менің бұл тақырыпты ізденуіме бірнеше себептер әсер еткен болатын. Біріншіден, денсаулық адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады және сол себепті мемлекет халқының игілігі үшін денсаулық сақтау саласына қажетті назар аударуы тиіс. Емханада тиісті емді қабылдай алмаған адамдар саны көбейген уақытта мемлекет жұмыс күшінен айырылады, ал ол өз кезегінде экономика мен өзге салалардың әлсіреуіне әкеледі. Осылайша, денсаулық сақтау саласының атқаратын рөлі маңызды екенің анықтаған соң, оны мінсіз жағдайға жеткізу керек. Екіншіден, бүгінгі күні аурудың сан алуан түрлері жыл сайын пайда болуда және әлем бойынша таралуда. Аталмыш құбылыстың таралуы әлем елдерінің денсаулық сақтау орындарында білікті мамандар мен жаңа технологиялардың бар болуын талап етеді. Осыған орай, біздің емханалардың осындай ыңғайлылықпен қамтамасыз етілуі жайлы зерттеуге мені аталған жағдай итермеледі. Үшіншіден, өкінішімізге орай елімізде соңғы жылдары біршама адамдар қатерлі ісік секілді қатерлі ауру түрлерімен ауыруда және оны жеңу үшін шет елдерге барып, емделуге мәжбір болып табылады. Осы сәтте, еліміздің тұрғындары да Отандық денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейге жетуін қалайды және бұл мақсатқа жету барысында басты мәселелерді анықтау арқылы оларға шешу жолдары ұсынылуы қажет.

Адамзаттың ой-өрісі күннен күнге ілгері басып келе жатыр. Алуан түрлі салалардағы ғалымдар ғылымда жаңа зерттеулер мен ашылулар жасауда. Адамның денесі мен денсаулығы генетик-ғылымдарымен зерттеледі және оның дамуына әлем елдері қыруар қаражат жұмсауда. Сол себепті, бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау тақырыбы өзекті болып табылады және әрбір елдің медицинасы жоғары деңгейде болуын талап етеді.

  • Жалпы денсаулық тақырыбын жазып отырған кезде осындай сұрақтар пайда болды
  • ҚР денсаулық сақтау саласының жеткен жетістіктеріне зерттеу және баға беру;
  • ҚР мен шетелдік денсаулық сақтау жүйесін салыстырып баға беру;
  • Отандық емханаларда кездесетін проблемаларды зерттеу;
  • Денсаулық сақтау жүйесінде пайда болған мәселелердің шешу жолдарын іздеу.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және тұтастай алғанда денсаулық сақтау саласы мемлекеттік мекеме ретінде белсенді институционалдық қайта құру кезеңінде, яғни саланың барлық деңгейлеріндегі адами ресурстарды дамыту және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету дәрежесінде, осылайша оның басты мақсаты медициналық көмек жүйесінің қол жетімділігі мен тиімділігін арттыру, жақсартылған денсаулықты қамтамасыз ете отырып, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету сапасын дамыту болып табылады. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында, Қазақстан-2030 стратегиясында көрініс тапқан, онда ҚР тұңғыш президенті медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту саласындағы саладағы реформалардың бағытын көрсеткен.

...

Скачать:   txt (25.4 Kb)   pdf (146.6 Kb)   docx (60.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club