Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биология пәнінің әдістемесі

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Доклад  •  495 Слов (2 Страниц)  •  207 Просмотры

Страница 1 из 2

Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарда білім беру саласында. оның ішінде орта білім беруде көптеген реформалар жүргізіліп, жана талаптар қойылып жатыр. Осыған орай орта мектеп деңгейінде биология пәнінен білім және тәрбие берудің жаңа технологиясын енгізе отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, жоғары оқу орындарына сапалы мамандарды дайындау - басты міндетіміз. Биологиядан білім беруді жетілдірудің, дамытудың ең басты нысандары - оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру. Жас өспірімдердің танымдық денгейін дамыту барысында теориясын, методологиясын, формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу. Сондықтан методологиялық негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды. Табиғатпен тең кұкыкты қарым-қатынас, адам мен биосфера арасындағы эволюция міндетті түрде болатын үдеріс. Осы тұрғыдан биология жаратылыстану ғылымы ішіндегі көшбасшысы деп айтуға болады. Бүгінгі таңдағы басты мәселе мектеп оқушыларына биология пәнінен білім берудс биология ғылымының жетістіктерін, маңызын үйретуді түбегейлі қолға алуымыз керек. Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін көтеруді іске асыруда және қазіргі өркениетке, мәдениетке сай білім беруге жұмылдыруда әрбір мұғалім үздіксіз ғылыми шығармашылық ізденісте болуы тиіс.

Жер бетінде тірі ағзалар әртүрлі өлшемдеріне, пішіндеріне, тіршілік ету ортасына, қоректенуіне, көбеюі және тағы да басқа түрлеріне қарай қалыптастырылған. Бұл олардың физикалық ерекшеліктері мен тіршілік ету ортасына байланысты. Географиялық аймақтың орналасуына қарай тірі ағзалардың түрлерінің әртүрлілігі тиісті аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Адамдар оларды жіктеу үшін тірі ағзалар арасындағы ұқсастықтарды іздейді, сондықтан да оларды бірлік ретінде зерттейді. Осыған байланысты жіктеудің негізін құрайтын негізгі сипаттамаларды анықтау қажет. Жасушалар тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі және тіршіліктің құрылымдық бірліктері болып табылады. Ол тірі ағзалар түрінде арнайы тағайындалған функцияларды орындайды. Осылайша, тірі ағзалар

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (39 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club