Биогазды биотехнологиялық жолмен алу
Автор: Ayaa • Январь 31, 2018 • Реферат • 952 Слов (4 Страниц) • 1,542 Просмотры
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті
[pic 1]
Биогазды биотехнологиялық жолмен алу
Орындаған: Медеубекова Б.
Тобы: МБТ14-01
Тексерген:Акмуханова Н.
Алматы, 2016 жыл
Соңғы кезде кəдiмгi энергия қорларын пайдалану жолдары қиындап кеттi, сондықтан арзан, дəстүрсiз, энергия көздерiн тауып, терең мазмұнды түрде зерттеу жəне пайдалану жолдары қарастырылуда. Күнделiктi қолданатын энергиядан басқа дəстүрсiз энергия көздерiне күн сəулесiмен жел энергиясы, табиғи термольдi қоры жəне елдi мекендерден, мал қоралардан шығатын органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы биогаз алу болып табылады. Биогаз қондырғыларының экономикалық тиiмдiлiгiн тек метан газын пайдалану арқылы есептемей,жоғарғы сапалы биотыңайтқыштың тиiмдiлігін бірге қарастыру қажет. Негізінен ауылшаруашылық қалдықтарын жəне қи-садыраларды өңдеу фермалардың ветеринариялық санитариялық жағдайын жақсарту мақсатында болса, тегін энергия көзін пайдалану қосымша фактор болып есептелiнедi. Сондықтан да,биогаз қондырғысының экономикалық тиімділігін қарастарғанда негізгі үш бағытқа көңіл аудару керек. Олар:
- электр энергиясын үнемдеу арқылы технологиялық процестерге қажеттi жылу жəне жылы су алу;
- жоғарғы сапалы органикалық тыңайтқыштар алу;
- шаруа қожалықтардың экологиялық жағдайын жақсарту;
Осы үш негізгі бағыт бір-бірімен тығыз байланысты және бұларды жеке қарастыруға болмайды.
Биогаз қондырғысының экономикалық тиімділігін есептеу негізінде оның басты, техникалық көрсеткіштерін ескеруіміз керек:
- жұмыс істеу мерзімі;
- жөндеуге кететін шығындар;
- техникалық қызмет көрсету шығындары;
- биореакторды қыздыруға кететін шығын;
- жұмысшыларға кететін еңбек ақы;
- қоршаған ортаның ластанбауынан түсетін пайда;
- органикалық тыңайтқыштан түсетін пайда;
- метан қолданғандағы пайда.
Мал фермасынан шыққан қалдықтарды өңдегенде бір айда бөлініп шығатын метан газының көлемі биогаз қондырғысының қуатына байланысты екені белгілі. Биогаз қондырғысынан алынатын метанның 30%-на дейін биореакторды қыздыруға кетеді, ал қалған 70% таза пайдаланатын метан газы болып есептеледі.
-Негізгі обьект бізде құс саңғырығы болып табылады. -Жұмыстың жүргізілген аймағы-Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Төреарық ауылы. Құс саңғырығынан 650м3 биогаз немесе 428кг шартты отын алуға болады.
...