Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бактериялардың физиологиясы

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  1,178 Слов (5 Страниц)  •  665 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-  НУО КАЗАХСТАНСКО

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙМЕДИЦИНСКИЙ                           УНИВЕРСИТЕТІУНИВЕРСИТЕТ

        

СОӨЖ #2

РЕФЕРАТ

Бактериялар

Орындаған:ОрдабекС.Ғ.

Курс:2 курс

Мамандығы:ЖМ

Тобы:201 Б

Қабылдаған:Адиетова.З.Ф

        

МАЗМҰНЫ:

                  I . Кіріспе.
                 II. Негізгі бөлім.

Бактериялардың физиологиясы.

Аэробтар мен Анаэробтарды бактериологиялық зерттеу әдістері.

Қоректік орталар.

III. Қорытынды.

      IV.Пайдаланылған әдебиет

І.КІРІСПЕ

Бактериялар — прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі — 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты). Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген.

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Таяқша тәрізді пішіндерді бактериялар деп атайды. Олардың орташа өлшемі ұзынынан 1 мкм бастап 6 мкм дейін, және қалындығы 0,5 мкм бастап 2 мкм дейін болады. Бактерияларды сыртқы түріне қарап ажыратады: олардың ұштары домалактанған, жұмыр болуы мүмкін (ішек таяқшалары), шабылған (оба қоздырғышы) немесе қалыңдаған (дифтерияның қоздырғышы). Бөлінгеннен кейін бактериялар жұптасып орналасуы мүмкін — диплобактериялар, тізбектеп — стрептобактериялар (сібір күйдіргісінің қоздырғышы), кейде олар бір-біріне қатысты белгілі бір бұрышпен немесе қиылысып (дифтерия қоздырғышы) орналасады. Бактериялардың басым саны ретсіз орналасады.

Иілген пішіндерге спириллалар, вибриондар және спирохеттер жатады. Спирохеттер 3-5 жерден иілген болып келеді. Спирохеттер мерез ауруын туындатады. Вибриондар үтір тәрізді. Олар тырысқақ ауруының қоздырғышы. Спириллалар спираль тәрізді. Спириллалардың көпшілігі ауру қоздырмайды.

Бактериялардың химиялық құрамы

Зат алмасу процесін түсіну үшін микроағзалардың химиялық құрамын білу қажет. Микроағзалардың құрылысында барлық тірі ағзалардың ұлпаларында кездесетін химиялық заттар бар. Микроағзалардың биохимиясы қоршаған ортадағы ұсақ ағзалардың (бактериялардың, вирустардың, саңырау кұлактардың, көк-жасыл балдырлардың, қарапайымдылардың) химиялық құрамын зерттейтін ғылым. Химиялық құрамы бойынша микроағзаларда екі түрлі заттар кездеседі: органикалық және бейорганикалық.

Органикалық заттарға ақуыздар, көмірсулар, липидтер (майлар) және нуклеин қышқылдары жатады. Негізінен олар микроағза жасушасының құрылыс материалы және энергия көзі ретінде қолданылады. Әр түрлі микроағзаларда органикалық заттардың мөлшері әр түрлі болады. Бейорганикалық заттарға су және минералды тұздар жатады.

Су. Жасушаның басым мөлшері судан 75-85% тұрады. Жасуша тіршілігінде судың маңызы өте зор. Барлық заттар жасушаға су арқылы түседі, сонымен алмасу өнімдері де шығып отырады. Микробты жасушадағы су бос күйінде, дербес қосылыс ретінде болады, бірақ оның басым мөлшері жасушаның түрлі химиялық құрамдастарымен (ақуыздар, көмірсулар, липидтермен) байланыста болады да, жасушалық құрылыстар құрамына енеді.

Бос су жасушада өтетін химиялық реакцияларға қатысады, түрлі химиялық қосылыстардың ерітіндісі ретінде қолданылады, сонымен қатар коллоидтар үшін дисперсті орта қызметін атқарады. Жасушадағы бос су молшері сыртқы ортаның, жасушаның физиологиялық жағдайына, оның жас шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, кейбір мәліметке жүгінсек бактериялардың споралық түрлерінде, вегетативтік жасушалармен салыстырғанда, су анағұрлым аз болады. Судың ең көп мөлшері капсулалы бактерияларда болады.

Ақуыздар (құрғақ заттардың 50-80 % құрайды ) микроағзалардың ең маңызды биологиялық қасиеттерін анықтайды. Олар жәй ақуыздар -протеиндер және күрделі ақуыздар — протеидтер болып бөлінеді. Жасуша тіршілігінде маңызды рөлді нуклеопротеидтер — ақуыздың нуклеин қышқылдарымен (ДНҚ және РНҚ) байланысы атқарады. Нуклеопротеидтерден басқа, микробты жасушада аз мөлшерде липопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер болады.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (170.9 Kb)   docx (513.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club