Бактериялардың физиологиясы
Автор: Zhasmin02 • Сентябрь 17, 2021 • Реферат • 3,130 Слов (13 Страниц) • 947 Просмотры
[pic 1] | ||
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ | НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» |
Реферат
БОӨЖ 2
Тақырыбы: Бактериялардың физиологиясы
[pic 2]
Алматы 2021 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а. Бактериялардың физиологиясы
б Бактериялар классификациясы в. Бактерия клеткаларының құрлысы г. Бактериялардың мөлшері.
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бактериялар физиологиясы - бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді. Бактериялардың зат алмасуын зерттеу, оларды дақылдандыруда, таза дақылдарын бөліп алып идентификациялауда үлкен орын алады. Патогенді және шартты – патогенді бактериялардың физиологиясын зерделеу, олар тудыратын жұқпалы аурулардың патогенезін зерттеу, микробиологиялық диагноз қою, емдеу және олардың алдын алу, адам мен қоршаған орта қарым қатынастарын реттеу, сонымен қатар биотехнологиялық процестерді қолдана отырып, бактериялардан биологиялық белсенді заттарды алу үшін қажет Бактериалық жасушаның химиялық құрамы.Бактерия жасушасының 80-90% судан, ал қалған 10% құрғақ заттан тұрады. Жасуша ішіндегі су бос немесе байланысқан күйде болады. Ол жасушаға серпімділік қасиетін бере отырып, гидролитикалық реакцияларға қатысады. Жасушаны кептіру арқылы ішіндегі судан арылту, ондағы метаболикалық және кобею процестерінің тоқтауына әкеліп соқтырады. Мұздатылған күйдегі жасушаны вакуумда кептіру (лиофилизациялау) микробтардың кобеюін тоқтатып, ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік береді. Құрғақ зат құрамы төмендегідей: 52% - ақуыз, 17% - көмірсулар, 9% - майлар, 16% - РНҚ, 3% - ДНҚ және 3% - минералдық заттар. Ақуыздар ферменттер болып табылады, сонымен қатар жасушаның құрлымдық бөлігі, ол цитоплазматикалық мембрана және оның туындылары, жасуша қабырғасы, талшықтар, споралар және кейбір капсулалар құрамына кіреді. Кейбір бактериялардың ақуыздары олардың антигендері мен токсиндері болады. Бактериялар ақуздарының құрамына адамдарда болмайтын Д-аминқышқылдары мен диаминопимелин қышқылы кездеседі. Бактерия жасушасы құрамындағы көмірсулар моно-, ди-, олигосахаридтер мен полисахаридтер күйінде болады, сонымен қатар ақуыздар, майлар және басқа қосындылар құрамына кіреді.
Негізгі бөлім
Сыртқы пішінде қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері – диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептоккоккалар, төрт-төрттен тіркескоидері – тетрококкалар, сегіз-сегізден текшеленгендері – сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккилар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын – бацилаллар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасуы тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі-екіден қосақтала орналасқан тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалар тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды. Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар — үтір тәріздес, екіншісі — спириллалар — бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады. Айтылып өткен бір қлеткалы-бактериялармен қатар табиғатта көп. клеткалы бір ұшымен белгілі бір жерге бекіген немесе бос күйінде суда жүзіп жүретін жіп тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Бұларға күкірт және темір бактериялары жатады. Жанама бұтақшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микобактериялар тобына жатқызады. Бұларға өкіл ретінде өкпе ауруын қоздырғыш туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар табиғатта клеткаларының құрлысы және пішіні күрделі, сыртын шырыш басқан миксобактериялар класы да бар.
...