Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асыл тұқымды етті бағыттағы бұқашықтарды азықтандыру мөлшері мен рациондары

Автор:   •  Октябрь 11, 2018  •  Курсовая работа  •  5,599 Слов (23 Страниц)  •  1,500 Просмотры

Страница 1 из 23

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………

1  Әдебиетке шолу……………………………………………………………

    1.1  Азықтандырудың негіздері…………….…....……………………….

    1.2  Азықтың қоректілігі………………….…………………………….....

    2.1  Етті бағыттағы бұзауларды азықтандыру мөлшері және жүйесі....

    2.2  Өсіруге арналған етті бағыттағы төлді азықтандыру мөлшері мен рационы

2  Зерттеу бөлімі……………………………………………………………...

    2.3 Асыл тұқымды етті бағыттағы бұқашықтарды азықтандыру мөлшері мен рациондары…………….………………………………………

    2.4  Етке өткізілетін етті бағыттағы жас төлдің азық мөлшері мен рационы…………........…………………………………………………….....

Еңбекті қорғау...................................................................................................

Қорытынды……………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер тізімі………...……………………………………

  5

  6

  6

  9

12

12

17

18

21

23

24

26

Кіріспе

Азықтың қоректілігі оның құрамындағы кездесетін жұғымды заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал мен құс азығының құрамына: алмасу қуаты, ақуыз (белок), май, минералдық заттар (макро- және микроэлементтер), көмірсулар, дәрумендер кіреді, немесе мал азығының қуаттық, ақуыздық, минералдық, дәрумендік жұғымдылықтары деп аталады.

Мал мен құс азықтарының жұғымдылығын бір ғана көрсеткіш бойынша бағалау мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезде және құс азықтары мен мерзімдік азық үлесінің жұғымдылығын құрамында қуаттық жұғымдылық, жемшөп пен мерзімдік азық үлесінің ақуздық, майлар, көмірсулар, минералдық заттар, дәрумендер сияқты көрсеткіштері бар кешенді бағалау әдісі колдалынады.

Мал азығының қоректілігі соңғы кезде көбінесе, алмасу қуаты бойынша бағаланады. Алмасу қуаты мал ағзасына, олардың тіршілік етуіне, алатын өніміне қажетті үрдіс. Алмасу куаты тікелей баланстық зерттеумен немесе жанама әдістермен есептелінеді.

Қазіргі кезде көбінесе, сұлылық және қуаттылық азық өлшемі немесе алмасу қуаты МДж қолданылады. Біз дайындаған Анықтамалық оқулығында көрсеткіштер алмасу қуатымен (МДж) келтірілген.

Бір қуаттылық азық өлшемі (ҚАӨ) = 10 МДж алмасу қуатына тең болады. 1 МегаДжоуль =1млн Джоуль; 1 Дж = 0,2388 ккал. Ал, 1 кал =4,1868 Дж. Алмасу қуаты бойынша малдың қуатқа қажеттілігін есептеген кезде, оның қорытылуына және алмасуына байланысты шығыстары есептелінеді. Қуат алмасу сызбасы төменде көрсетілген. Сұлылық азық өлшемі әдістемелік түрғыда жетілдірілмегендігіне байланысты, қазіргі кезде қолданылудан қалып бара жатыр. Ал, МДж-куаттық (қуаттылық) бірлік қазіргі кезде азық қорын санау және экономист мамандарға азықтың салмақ өнімі құрамындағы МДж қуатын есептеу үшін керек.

Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болса оның қоректік құнарлығы кем болады.

Мақсаты: етті тұқымды ірі қара малдары төлдерінің толыққанды азықтандыруын ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу

Міндеттері:

- азықтандырудың негіздерін зерттеу;

- азықтың қоректілігін сипаттау;

- етті бағыттағы бұзауларды азықтандыру мөлшері және жүйесі, өсіруге арналған етті бағыттағы төлді азықтандыру мөлшері мен рационын зерттеу;

- асыл тұқымды етті бағыттағы бұқашықтарды азықтандыру мөлшері мен рациондары және етке өткізілетін етті бағыттағы жас төлдің азық мөлшері мен рационын қарастыру.

                             

  1. Әдебиетке шолу

          1.1   Азықтандырудың негіздері

Мал мен құс азықтарындағы құрғақ зат. Малға және құсқа берілетін азықты мөлшерлеуде маңызды көрсеткіштердің бірі-мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың ең қолайлы деңгейін белгілеп алу болып табылады. Өйткені малды қуатты пен қоректік заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету осыған байланысты.

Мерзімдік азық үлесіндегі қүрғақ заттың қорытылу деңгейі төмен болған сайын мал, әсірісе, мол өнімді мал, оны аз жейді. Мол өнімді мал, мерзімдік азық үлесіндегі 1 кг құрғақ затқа шаққанда, азықтағы қуаттың мейлінше мол шоғырлануын қажет етеді.

...

Скачать:   txt (82 Kb)   pdf (397 Kb)   docx (176.7 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club