Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бассүйектің жастық ерекшеліктері. Жоғарғы жақ және төменгі жақ контрофорстары. Бассүйек индекстері

Автор:   •  Октябрь 22, 2018  •  Реферат  •  1,866 Слов (8 Страниц)  •  2,865 Просмотры

Страница 1 из 8

Марат Оспанов атындағыт Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

                               [pic 1]

                           

Студенттің өзіндік

        Жұмысы

Мамандығы: Стоматология

Кафедра: Қалыпты анатомия және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия

Курс: 1

Тақырыбы: Бассүйектің жастық ерекшеліктері. Жоғарғы жақ және төменгі жақ контрофорстары. Бассүйек индекстері

Пәні:Анатомия

                                                             

                                                           Тексерген: Жанабаева Айгуль  Болатбековна

                                                            Орындаған:Нұрлан Бақтұр

                                                             Тобы: 104

 

                                    Жоспары:

1)Бассүйектің жастық ерекшеліктері

2)Жоғарғы жақ және төменгі жақ контрофорстары

 контрофорстары

3)Бассүйек индекстері

4)Пайдалаған әдебиеттер

Бас сүйектің жалпы ерекшеліктері

Бас сүйектің жасына қарай ерекшеліктері: топографиялық орналасуы сүйектердің бет сүйек пен ми сауыты сүйегінің ара қатынасы сүйектің қалыңдығына, көлеміне, сүйектерді аралығындағы жіктерге олардың бойындағы ееңбектерге және жасының ерекшелітеріне тікелей байланысты. Бас сүйегінің жоғарыда айтылып өткен ерекшеліктері олардың 5 даму кезеңдеріне байланысты.

Бірінші даму кезеңі жас нәрестенің  туған кезінен 7 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің қарқынды дамуы мен қатар қуыстығының көлемі ұлғайып,суйек арқылы жіктер бірте-бірте тартылып, бас сүйектің еңбектері(fonticulus) тартылады. Сонымен қатар мұрын қуысы мен көз шарасының сыртқы пішіні айқындала бастайды.

Бас сүйегінің екінші даму кезеңі 7 жас пен 14 жастың аралығы кезеңінде өтеді. Бұл даму бас сүйектің өркендеп өсуі, алғашқы даму кезеңіндей болмағанымен мұрын қуысы мен көз шарасының көлемі бастапқы даму кезеңіне қарағанда едәуір қарқынды түрде өтеді.

Үшінші даму кезеңі ер жеткен кезеңнен бастап 25 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің маңдайы айқындалып, бет сүйектің көлемі кішірейеді.

Төртінші даму кезеңі 25-45 жас аралығында өтеді. Бұл даму кезеңде бас сүйектердің жіктері бірігеді. Сонымен қатар сагитальді жіктің ертерек бітісуі бассүйектің домалақтау болып өсуіне әкеліп соқса, тәж тәрізді жіктің жедел дамып сүйектенуі бас сүйектің сопақша тәрізді өсуіне ықпал етеді

Бассүйектің бесінші даму мезгілі 45 жастан бастап, алдымен бет сүйектің, кейіннен ми сауыты сүйектерінің кері даму кезеңі. Бұл кезеңде бассүйектің тістері түсіп, бет сүйектің жалпы көлемі кішірейіп, төменгі жақ сүйектің бұрышы ұлғайып, альвеоларлық өсінділері кішірейеді.

Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері. Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасындағы еңбектер.

Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшеліктері – еңбектері болады.Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері бірінші жарғақты сатының қалдықтары болып табылады.Олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған жіктердің қиылысқан жерінде орналасады.

Олардың болуының үлкен функционалдық маңызы бар, себебі бассүйектің шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжыға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлері ажыратылады:

1)алдыңғы еңбек, Foticuli fnteorior, ромб пішінді, орта сызық бойымен төрт жіктің: сагиталлды, маңдай және тәжді жікті екі жартысының қиылысқан жерінде жатады; 2 жаста өсіп бітеді;

2)артқы еңбек, fonticuilus posteorior, үшбұрыш пішінді, сагитталды жіктің артқы ұшында алдындағы екі шеке сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы арасында жатады; туғаннан кейін 2 айда  өсіп-бітіп кетеді;

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (322.5 Kb)   docx (314.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club