Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар

Автор:   •  Декабрь 11, 2018  •  Реферат  •  1,192 Слов (5 Страниц)  •  6,327 Просмотры

Страница 1 из 5

Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар

Тіршілік ортасы – қазіргі тіршілік етіп жатқан ағзалар негізінде пайда болған табиғикүштер мен құбылыстар. Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезеңдеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

Тірі ағзалар тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығынын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар жиынтығын биоценоз деп, белгілі бір аумақта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз деп атайды.

Биотоп – Жер бетініің (құрылықтың немесе суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы ағзалардың немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. Биоценоздың жер бедері, климаттық жағдай шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы немесе судағы алатын орны. Биотоп өзінің табиғи және тарихи қалыптасқан географиялық орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздардың анорганикалық құрылымдарынан тұрады. Биотоп – биоценоз бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі бірлестік – биогеоценоз құрайды.

Экологиялық пирамидалар – экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасы мен өрнектелген ара қатынас (санмен өрнектелуі – Элтон сандарының перамидасы, құрамындағы энергияға қатысты – энергиялар перамидасы).

Биомасса перамидасы экожүйедегі қоректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл перамида саны сан перамидасының нысанына ұқсас үшбұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса перамидасы биомассанынң азаюының, ал энергия перамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің – фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде зат тек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40% жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік зат тек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік қоректі жануарлар, фитофактар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофактарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.

Биосфераның жағдайлары біркелкі, яғни тіршілік жағдайы біртектес орташа тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін биоценоз деп атайды. Биоценоз әр уақытта белгілі бір аумақта дамып, оның өзіне тән топырағы, микроклиматы, т.б. қасиеттері болады. Оны биотоп деп атайды. Биотоп – белгілі бір ағзалар тіршілік ететін орта. Мысалы, тропик орманы, шөл құмы, тұщы сулы суат, теңіздің, көлдің түбі, батпақ, шөл, тоғай, т.б. Биоценоз биотоппен қосылып биогеоценоз немесе фацияны құрайды.

В.Н.Сукачевтың анықтамасы бойынша биогеоценоз – атмосферасы, гидросфера, су режимі, геологиялық құрылысы  және топырағы біркелкі жердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Осы айтылған қосындылар бірімен –бірі тығыз байланыста болады, әрі тұтас кешенді түзеді.

Фация – қарапайым, тіпті, бөлінбейтін кешен, оның өзінің кеңістігінде бірдей литологиясы, біркелкі жер бедері болады да, бірдей мөлшерде жылылық пен ылғалдылық ( яғни біркелкі гидротермиялық жағдайда болады) алады. Мұндай         жағдайда фацияға біркелкі микроклимат тән болады да, соның нәтижесінде топырақтың бір ғана түрі қалыптасады әрі биоценоздың бір ғана түрі орналасады.

Сонымен биогеоценоз бен фацияның анықтамасын салыстырған кезде бұл түсініктердің арасында айтарлықтай айырмашылық болмайтынын байқауға болады. Фация – географиялық, биогеоценоз – биологиялық ұғым болып саналады. Мәселен, Қазақстанның құрғақ далалар белдеуін алып жататын саздық және құмақ қоңыр топырақтарда кездесетін бетегелі дала, альпілік биік белдеуде , тау беткейлерінде кездесетін тас қорымдар ( қорымдар− таулардың етегі мен беткейлерінде тау жыныстарының үгілуінен және бұзылуынан пайда болатын кесек тастар жиынтығы), т.б.

...

Скачать:   txt (18.2 Kb)   pdf (119.1 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club