Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Популяция және оның қасиеттері

Автор:   •  Сентябрь 27, 2018  •  Реферат  •  1,925 Слов (8 Страниц)  •  2,074 Просмотры

Страница 1 из 8

Популяция және оның қасиеттері.

Популяция- бір түрге жататын, өзара еркін шағылысып, көбеюге қабілетті, ұзақ уақыт бойы белгілі бір ареалдың бөлігінде тіршілік етіп келе жатқан даралардың жиынтығы. Бір популяцияның  даралары арасындағы панмексия (еркін шағылысу ) дәрежесі басқа популяцияларға жататын даралардікіне қарағанда жоғары болады. Популяция эволюцияның және түрдің өлшем бірлігі болып саналады.

Ареал. Популяцияның немесе жалпы түрдің тіршілік барысында кездесетін аймағын таралу аймағы немесе ареал деп атаймыз .

 Популяция түрден өзгеше өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді. Популяцияның статикалық және динамикалық көрсеткіштері бар.

Статистикалық көрсеткіштер- популяцияның қазіргі кездегі ерекшеліктері. Оларды анықтау үшін белгілі уақыт мерзімін күту қажет емес. Оларға популяцияның даралар саны, тығыздығы сияқты көрсеткіштер жатады.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері – анықтау үшін белгілі уақытты қажет ететін ерекшеліктері. Мысалы, популяцияның ішіндегі көбеюі,  өлімі , өсімталдығы.

Популяцияның статистикалық  көрсеткіштері

Даралар саны жыл бойы және маусым ішінде өзгеріп отырады. Ол түрдің биотикалық потенциалынан және сыртқы орта жағдайларына байланысты. Ұзақ тіршілік ететін және ұрпақ беретін түрлердің сандық мөлшері тұрақты болады. Ал даралар саны неғұрлым аз болса, популяцияның соғұрлым өрт, су тасқыны сияқты кездейсоқ себептерден саны азайып, жойылып кетуі мүмкін.  

   Тығыздық – кеңістіктің белгілі бір өлшем бірлігіне яғни, көлемінде немесе ауданына сәйкес келетін даралардың орташа саны.

  Әр популяция құрылымы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, оның құрамындағы даралардың жасы мен жынысы,  генотипі , көлемі және т.б.

    Популяция туралы түсінік әрбір түр белгілі бір аумақта - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генофондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы лат. populus – халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетик В.Л.Иогансен қолданды.
«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түруші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар. Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуан түрлілігіне, құрылымдық - функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу
жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады. Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: ағза-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера. Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші
жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын:ағза-популяция-түр-тұыс-тұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.
 

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (152.7 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club