Астана қаласының топырағы
Автор: Akmaral Adilbay • Март 8, 2023 • Реферат • 269 Слов (2 Страниц) • 520 Просмотры
Астана қаласының топырағы
Астана қаласының солтүстігі қара, күңгірт қоңыр тоырақты, оңтүстігі қара, қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қоңыр топырақты зонаға бөлінеді.
Астана қаласының солтүстігінің негізгі топырағы орташа ауыр сазды қара топырақ саналады. Қарашірік мөлшері — 6-8% (көтеріңкі қарашірікті), 50-70 см-ге дейін гумус кездеседі. Фосфор мөлшері аз, азот мөлшері орташа, калий мөлшері көп (70-85%). Астана қаласының аласа таулы және төбе бөлігі су эрозиясына ұшыраған. Су эрозиясына ұшыраған жерлерінде қиыршықталған, шалғынды сорланған қара топырақтар жайғасқан.
Астана қаласының оңтүстігінде қара топырақты зона төбе қыратты құрғақ дала аймағында таралған. Айдалған жер көлемі 85%. Негізгі топырағы карбонатты ауыр саздақты қара топырақ саналады. Қарашірік мөлшері — 4-5% (орташа қарашірікті), 40-50 см-ге дейін қарашірік кездеседі. Топырақтың беткі жағында карбонаттар (40-50 см тереңдікке дейін), сортаңдалған топырақ қабаты (40-50 см-ден бастап, 100 см-ге дейін), сорланған топырақ қабаты (100-130 см аралығында). Сортаңдалған қабаттың жоғары орналасуы өсімдік тамырларының топыраққа тереңдей жайылуына кедергі болады. Астана қаласының оңтүстігінде қара топырағының құрамында натрий мен магний көп мөлшерде таралған. Топыраққа фосфор мен азоттың уақытша тыңайтқыштарын қолдану тиімді.
Айдауға жарамсыз жерлердің аумағында басым көпшілігі қиыршықталған, түйіршік тастары бар топырақтар. Қиыршықталған және түйіршік тастары бар топырақтар төбелерде, жердің жоғары беткейлерінде жиі кездеседі.
51° солтүстік ендіктің оңтүстігіне қарай қара топырақ зонасы біртіндеп қызғылт қоңыр топырақты зонаға өтеді. Бұл зонаның ең жақсы топырағы қызғылт қоңыр карбонатты, орташа сазды топырақ саналады. Осы топырақтың қарашірік горизонты 35-45 см-ге дейін жетеді, қарашіріктің мөлшері 3-4% (қарашірік мөлшері төмен), аралығында болады. Қызғылт қоңыр карбонатты, орташа сазды топырақта қара топыраққа қарағанда құрамында сіңдірілген натрий мен магний көп. Оңтүстікке жылжыған сайын топырақ сортаңдана береді.
...