Әл-Фарабидің «Бақытқа жету туралы кітап» еңбегі негізінде бақыт туралы
Автор: aruzhanashimbai • Октябрь 14, 2021 • Эссе • 1,003 Слов (5 Страниц) • 2,014 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Шығыстану»
Кафедрасы «Қиыр Шығыс»
СӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фарабидің «Бақытқа жету туралы кітап» еңбегі негізінде бақыт туралы эссе
Орындаған: Болатбек Аружан
Тексерген: Пернебекова Динара Пернебекқызы
Алматы, 2021ж
Менің ойымша бақыт - бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын құбылыс, ол - жақсы және берекелі өмірдің белгісі. Бақытты сезіну өте оңай, ал сипаттау қиын. Ләззат немесе қуаныш сияқты эмоциялар, өмірге қанағаттанушылық немесе өмір сапасын бағалаудан көрінетін эмоцияны бақыт деп айтуға болады. Оның үстіне, бақыт іштен шығады, және бақытты ешкім ұрлай алмайды.
Философиялық анықтама бойынша бақыт - ол адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақытқа жету - философияның алдыңғы шарттарының бірі боп есептеледі. Сондықтан Әл-Фараби де ойшыл ретінде бақытқа жету ұғымын негізінен философиялық тұрғыдан қарастырған.
«Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы - бақытқа жету, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Ол кісі бақытты болудың 3 түрін ажыратқан: Бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші- жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса, яғни көп оқып, іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетелейді. Осының бәрін бір жүйеге келтірсек, Әл-Фараби бойынша адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді.
Бірақ, бақыттың жалпыға ортақ анықтамасы жоқ. Оның анықтамасы әр адам үшін жеке. Дегенмен, менің ойымша әр адамның осы дүниеде алдына қойған мақсаты бар. Әр адам сол мақсатына жету үшін талпыну жолында, сол үшін өмір сүреді, және соған жеткенде сәл де болса өзін бақытты сезіне алады. Демек, осы тұрғыда бақыт түсінігі бойынша адамдардың ойлары бір жерден шығады.
Менің ойымша, адам баласы бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттар көп. Ең алдымен – білімді, ақыл-парасаты мол, мінез-құлқы көркем адам болу. Себебі, бақыт – ол біздің барлық арман-мақсаттарымыздың, ұмтылыстарымыздың орындалған кезі. Өз ісімізге көңіліміз толып, армандарымыздың орындалуы. Ал адам бойында осы атап өтілгендей қасиеттер болса, онда ол міндетті түрде өз дегеніне, армандарына жетпей қоймайды. Ондай адамның бойында құлшыныс пен талпыныс, ізденіс, жан-жақтылық сияқты қосымша қабілеттер қалыптасып, бақытқа жету қадамының алғашқысын сүрінбей өтеді.
Бақытқа жету жолындағы келесі мақсат – ол өз қалағанынан бас тартпайтын, батыл, қайсар мінезді болу деп ойлаймын. Яғни, адам білімді, көркем мінезді, рухани дүниесі бай болуы мүмкін, алайда, алдынан қандай да бір қиындықтар кездесіп, өмірдің тұщы сәттерін көтере алмай, өз мақсаттарынан бас тартуы да мүмкін. Сондай жағдайларда ерекше өжеттілік көрсетіп, өз-өзін қамшылай білген адам ғана мақсаттарына жетіп, бақытты бола алады.
Бақытқа жетудегі мақсаттың үшінші қадамы – адамның өмірден өз орнын таба білуі. Бұл жерде тек қана мақсат-мүдделер орындалу деген сөз емес, сонымен адам өзінің дүниеде, өмірдегі маңыздылығын түсіну. Себебі мақсат да әр түрлі болады. Кішігірім мақсат, немесе үлкен. Көлеміне байланысты емес, айтқым келгені – тек мақсатпен ғана шектелмей, одан әрі даму, жетілудің жолын іздеу. Бақыт теңдеуі әр адамда тәулігіне де өзгере алады. Егер ләззат не қуаныш сезімі адамды бүгін бақытты етсе, бұл дәл осындай ләззат/ қуаныш сезімі оны ертең бақытты етеді дегенді білдірмейді. Немесе егер қысқа мерзімді қанағаттану сезімі адамды кеше қуантса, ол міндетті түрде келесі аптада оны бақытты етпейді. Сондықтан да әрдайым ізденісте болу қажет. Бұрынғыдан да жақсы болу, өзін жетілдіру арқылы өмірден өз орнын табу қажет. Осы шарттар орындалса ғана бақытты болуға болады деп түсінемін.
...