Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Автор: Балнур Досыбаева • Февраль 24, 2024 • Эссе • 1,812 Слов (8 Страниц) • 106 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.
Оқытушы: PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы
Балабекұлы Д.
Студент: «Химия» мамандығының
2-курс студенті
Досыбаева.Б
Алматы, 2024 ж.
“Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат" екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа бiлiм, адамгершілік, имандылық, игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарындарының бойында көбiрек болатындығын дәлелдейдi.
“Китаб тахсиль ас-сá ада” кітабы алғашында “Әлеуметтік -этикалық трактаттар”болып қазақ тіліне аударылған еді,содан соң 2004 жыл“Бақытқа жету жайында” деп аударылды.Бұл трактатта Әл-Фарабидің адамды бақытқа не жеткізеді деген сұраққа жауап іздегенін аңғарсақ болады.Бақытқа жету жайында білу үшін кітапта жазылған алты бөлімді толық түсіну керек дер едім.Бірінші бөлімді әл-Фараби «Теориялық ізгіліктер » деп атап,оны «Теориялық ізгіліктер дегеніміздің түпкі мақсаты -өмірде бар нәрселерді рационалды қамтып ,сонымен ғана көз жеткізетін білімдер » деп көрсетеді.Бұл айтылған білімдер біздің жадымыздағы мәліметтер арқылы қалыптасады сондықтан физикалық күш жұмсап,іс-әрекет жасаудың қажеті жоқ.Себебі бұл практикалық емес,теориялық білімдер деп аталады.Теориялық білімдердің өзі екі бөлімнен тұрады.Олар алғашқы білімдер және үйрену арқылы келетін білімдер.
Алғашқы білімдер дегеніміз адам әуелі бастан көңіліне тоқыған білімдер.Адам олардың қалай,қайдан пайда болғанын аңдамай қалады.Олардың ішінде тексеру,зерттеу,үйрену,оқу арқылы келетін ғылымдарда бар.Бұлар болмыс пен білім бастамалары болып саналады.
Үйрену арқылы келетін білімдер- математика,жаратылыстану,дүниетану,метафизика,азаматтық ғылымдар.Математикаға қатысты әл-Фараби “Сан мен шаманы қамтитын ғылым-математика.Ол саны бар шамаларды зерттейді, санның арқасында болатын барлық қасиеттері тұрғысынан осы шамаларды:аумағын, реттілігін, үйлесімділігін, жүйелілігін қарастырады”дейді.(35-бет.Бақытқа жету жайында,араб тілінен акдарып түсініктеме берген Жалғас Сандыбаев)
Адамның басына дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе ,олар бұл өмірде дүние бақытына ,арғы өмірде асқан рахатқа кенеледі.Бұлар:теориялық ізгіліктер,ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және практикалық өнерлер.(25-бет) Әбу Насыр әл-Фарабидің айтқан бұл сөздері қазір де қолданыста десекте болады.Білімсіз, білім жолында қиындыққа шыдай алмайтын шыдамсыз адам имам да, әкім де, депутат та, заң шығарушы, философ та болып жарытпайды.Туа бітті зейінсіз, білімге деген құштарлығы, қызығушылығы жоқ, теориялық ғылымды игеруге қабілетсіз адам философ болып та жарытпайды деген ойға тоқтайды.Теориялық білімді жетік меңгеріп жаттап алса да жалған зейінсіз философтар анығына келгенде ғылымнан бірте-бірте алыстай береді,ал кемелденіп, ақылын айтып отыратын жасқа келгенде ондай адамдардың білімі толық сөніп қалады деп Платонның осылай деп ескерткенін алға тартады.
Әл-Фараби этикасының ең жоғары категориясы – бақыт, өйткені басқа бірдеңе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың басына шоғырланған.Әл-Фараби бақыт дегеніміз игілік дейді де,игілікті игіліктер ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені санайды.Оның ойынша әрбір адам бақытты өз түсінігінше бақыт деп біледі. Кейбіреулер бақытты байлық деп ойлайды.Адам баласы жалпы жасанды жолмен жасаған ақыл,парасат арқылы бақытқа жете алмайды. Нені және қалай ажыратылатынын ол өзінің бүкіл өмір бойында біліп отыратын ақыл,парасаттың арқасында ғана бақытқа жетеді деп есептелінеді дейді.Адам баласы бақытты болуы үшін өзін өзі барлық жағынан жетілдіріп отыруы қажет. Ол үшін үнемі ізденісте болуы керек. Бұл айтылғандардың бәрін ол этикаға жатқызған және бақытты этика ғылымымен байланыстырған.
...