Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу»
Автор: naz0505 • Февраль 24, 2024 • Эссе • 1,668 Слов (7 Страниц) • 109 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті [pic 1]
География, Жерге орналастыру және Кадастр кафедрасы.
«СӨЖ»
Тақырыбы:Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе.
Орындаған: рс
Қабылдаған:Сүлейменов П.М
Саяси ғылымдарының кандидаты,Доцент
Кіріспе
Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бакытка жету туралы кітап», «Бакытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы бақытқа жету туралы, сыйластык, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби бакытка жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып карастырған және философиялык еңбектер жазган.
Менің көзқарасым бойынша, Әл-Фараби еңбектеріндегі бақыт ұғымы өте ауқымды мағынадағы, бірнеше құнды қасиеттердің басын біріктіретін ұлы нысана секілді. Олай деуіме бірінші себебі Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік- қасиетін осы жолға бағыттайды, әділеттілікке бет бұрады. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал кайырымсыз, надан баскаруда теріс әрекеттер мен жаман касиеттер бой алады. Яғни, ұлы ойшыл бұл сөздері арқылы бақыттың бір кілті қоғамның әділетті басқарылуы мен құнды касиеттерге бай болуында деп көрсетеді. Әрбір адам коғам бір бөлшегі. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын екінші ұстаз: «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала-қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам-қайырымды қоғам» деп нақты көрсетеді.
«Бақытқа жету туралы кітап» еңбегінде
Ғақлия көзбен қарасан, Дүние ғажап, сен есік.
Жалпы көзбен қарасан, «Дүние қоқыс, сен - меншік» деген жолдармен адам мақсатының оның өмірлік жолын айқындайтынын суреттейді. Мақсатты білім алу, көркем мінез, акыл, парасат, рухани болмыс , таза ниет дейтін игіліктерге бағыттасаң бақытқа жол көрсетеді.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді. Білімді болу деген ең алдымен әр нәрсеге баскаша қырынан карай отырып, жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. Шын білім ақиқат, анық білім. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айкын, ерік-жігері - зор, тілек-максаты ақиқат пен адалдықка кызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай лаззат пен қызық іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмаска керек. Мінез- жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса аламгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана журекке жетеді. Ақыл-парасат адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен олердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Бақыт деген не нәрсе сонда? Ол біртүрлі ішінде қайнап жататын, оны тек жүректен тарап, барлық мүшелерін бір керемет күйді кеше алатын сәті. Бірақ сен оны мақсат етіп қоясың. Сол мақсатқа жету үшін көп талпынасың, еңбектенесің. Оны қолмен ұстай алмайсын, көзбен көре алмайсын, иіскейде, дәмін де тата алмайсың. Бақыт түсінігін әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін акша, байлык бакыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейлі Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінінің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес. Біз оны сеземіз, шынайы жүрекпен сеземіз. Маған біреу бакыт деген не? десе, ойланбай-ақ ең бірінші бакыт деген дене мүшемнің саулығы, денсаулығымның мықтылығы, он екі мүшемнің түгел болуы дер едім. Себебі, ен басты байлық денсаулық. Оны бар кезінде кутіп, қадағалап отыру керек. Ал, екіншіден маган жаратканның берген әрбір уақытын бақыт деп білер едім. Себебі уақыт-мүмкіндік. Үшіншіден, ата-анам мен жақындарымның амандығы дер едім. Мені тоғыз ай кұрсағында көтерген анамнын, мен үшін терін төккен аман-есен жүрген бауырларымның жүздеріндегі қуаныш атты әдемі бейнені көрудің өзі бакыт деп есептеймін. Ең, ең манызды деген осы үш себеп. Алайда, бакыт дегенді түсідірудің ауқымы өте кең. Мен жеке тұлға ретінде маған берілген әрбір мүмкіндікті бақыт деп айта алар едім. Маған берілген әрбір кадірлі жанды бақыт деуші едім.
...