Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап» «Бақытқа жол сілтеу» еңбектері

Автор:   •  Февраль 24, 2022  •  Эссе  •  824 Слов (4 Страниц)  •  501 Просмотры

Страница 1 из 4

                                         Эссе

Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап» «Бақытқа жол сілтеу» еңбектері

Жоспар

Ізгі қала тұрғындары немен ерекшеленеді?

Бақытқа жету жолы қандай?

Әл-Фарабидің ойынша бақыт дегеніміз не?

       

          Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында.

          Әл-Фарабидың маңызды еңбектерінің бірі “Ізгі қала тұрғындары” трактаты. Философ қалаларды қайырымды және қайырымсыз деп бөледі. Қайырымсыз қалалар сол қаланың тұрғындарының билікке,байлыққа, көңіл көтеруге қарай сипатталады. Тек қайырымды қала тұрғындары ізгілікке, бақытқа ұмтылады. Ізгі қалада жоғары қоғамды философтар құрайды.  Философтар даналықтарының арқасында, басқа адамдарға бақытқа жету жолын көрсетеді. Сондықтан олар қоғамға қаланы басқарушылар ретінде қажет. Ізгі қала - арман-мақсаты бар, өзара қолдау көрсететін, бейбітшіл қоғамнан тұрады. Ізгі қаланың билеушісі қайырымды, ізгі болуы керек.                              Әл-Фарабидың ойынша тек ізгі қалалардың ғана болашағы болады.

            Қазіргі философия үшін өткеннің ірі ойшылдарының көзқарастарын түсініп, соның негізінде өздерінің “бақыт философиясын” құру қажет.                           Әл-Фараби ұсынған қалалар мен қоғамдардың жіктелуі арқылы, біз қайырымсыз қоғамда өмір сүру бақытсыздығына ие екенімізді көре аламыз. Қазіргі кезде елдерді дамыған, дамушы, өтпелі деп бөлу Әл- Фараби тұрғысынан дұрыс емес.  Өйткені бүкіл әлем бір қарағанда экономикалық дамыған, гүлденген-Батыс, артта қалған  қарама-қайшылықты-Шығыс және өтпелі кезеңдегі қиындықтарға тап болған үшінші әлем. Яғни,біз бәріміз қайырымсыз қала қоғамының үлгісі ретіндеміз.

            Әл-Фараби бақытқа жету ұғымының мәселелерін, негізінен философиялық мәнмен ұштастырып қарастырған.                                                                         Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді.                        Мысалы: біреулері,  артта ұрпақ қалдырып, мұрасын жалғастырғанды, біреулері, оқу оқып, білімді, ғалым болсам, біреуі, жоғары лауазымды адам болсам, бәріне сыйлы, атақты болсам,- деп сонда ғана бақытты боламын деп жатады. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазады.                                   Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жан-дүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, рахаты, жабырқауы осының бәрі адамның жан-дүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқып, ізденімпаз болуы әрбір жетістікке жеткізеді. Осының бәрін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысына қол жеткізеді.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (58.6 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club