Әлихан Бөкейхановтың философиясы
Автор: Tobysh • Март 1, 2022 • Реферат • 3,423 Слов (14 Страниц) • 486 Просмотры
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ФИЛОСОФИЯСЫ
«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»
Әлихан БӨКЕЙХАН.
Әлихан Бөкейхан философиясы – қазақ саяси философиясының негізі, тұтас қазақ философиясының жаңа тұрпаттағы көрінісі. Әлихан Бөкейхан философияға ерекше құрметпен қараған, оған мынадай анықтама берген: «Оқудың ең қиыны – философия». Әлихан Бөкейхан философиясының негізі – елге, жұртқа қызмет ету, адамзат баласына еркіндік рухының дәнін себу, яғни, энциклопедиялық масштабтағы дүниетаным.
Әлихан Бөкейхан философиясының субстанциясы – қазақ халқының еркіндігі. Әлихан Бөкейханның еркіндік рухының философиясы субстанциялық дүниетанымында анық көрініс тапқан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» Бұдан нені байқаймыз, тұлғаның шаһиттік өмірге (ұстараның жүзі) саналы баруы, өмірінің мәні – халқына жол көрсету. Елге, жұртқа ғұмырын арнау шешіміне жігер еркіндігі бар тұлға ғана бара алады. Философияда жігер еркіндігі – тұлғаның өз харекетін өзі айқындауы, өзінің харекет ету жолындағы еркіндігі мен мүмкіндігін өмір философиясына айналдыруы. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді» – бұл не? Бұл философиялық танымда – рефлекция, тұлғаның өткенді саралап, көкжиектің көркем болуын мақсаттауы. Мақсат, елдік дәстүрді жалғастыру: «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын». Әлихан Бөкейхан елге, жұртқа қызмет етудің үздік үлгісін рефлекциялық жолмен тарихи сананы жаңғырта еске түсіреді. Әлихан Бөкейханның тарихи-философиялық еңбегінен тарихи сананы жаңғыртуға арналған екі мысалды келтірейік: 1. «Самый популярный среди киргизовъ, названный ими ханомъ, Абылай, тщательно избегалъ подчинениія киргизовъ чужой власти»; 2. «Въ сороковыхъ годахъ ХІХ века Киргизская степь въ последній разъ спомнила старину. Внукъ Абылай-хана Кенесары Касымовъ, затмившій въ народныхъ сказаніяхъ славу своего популярнейшаго деда, собралъ несколько тысячъ наездниковъ изъ представителей недовольныхъ и, объявитъ себя возстановителемъ былого величія киргизскаго народа, пытался поднять подъ свое знамя весь киргизскій народъ». Осы екі мысалдың алғашқысында Абылай ханның даналықпен ел-жұрттың еркіндігін ұстап тұрғанын көрсетсе, екінші мысалда, арыстан жүрек Кенесары ханның еркіндікке құштарлығын көрсеткен. Ә. Бөкейхан – осы екі мағынада да елдік дәстүрді саяси философия контексінде жалғастырушы бірегей тұлға. Әлихан Бөкейханға дейін саяси философия контексінде ел тәуелсіздігі үшін күрестің жолын ешкім көрсете алмады. Әлихан Бөкейханның саяси дүниетанымына Еуразия кеңістігінде іштен де, сыртан да «жаулар» көп болған. Оған себеп: оның ерлік мінезі, терең білімі және ақсүйекке тән бас имейтін асқақ тұлғалық табиғаты және аса қуатты саяси концепциясы болатын. Абылай хан, Кенесары хан дәстүрін жаңа форматта саяси жолмен жалғастыру – тәуелсіздік санасының оралуы үшін күрес болатын. Әлихан Бөкейхан жоқты іздемеді, жаңа жолмен жоғалғанды іздеді. Әлихан Бөкейхан философиясы болмысының түйіні – елдің ертеңіне деген құштарлық болатын, басқаша айтсақ, жоғалып кетпеу философиясы, яғни бар болу танымы. Бар болу неден? Әлихан Бөкейхан соған жауап іздеген, саяси философияға ойшылдықпен келген. Қайтсем халқымды еркіндікке шығарам деген жолда философиялық-танымдық ізденісте болған. «Барды қалай жоғалтқан, бодан күйге қалай түскен, адамзат баласына ғажап өркениет әкелген түркі әлемі осыншама неге құлдыраған, одан шығар жол қайсы?» деген сауалдарға жауап іздеген. Осы ізденіс жолында Әлихан Бөкейхан мінез философиясына ерекше ден қояды. Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінде Досмайыл ақсақал хатына қаратып жазған «Ашық хат» атты мақаласында философиялық ой толғаған. Онда Әлихан Бөкейхан: «Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, адамды бала тапқан қатындай қинап, сөз болып сөйлетеді, я жазылады, ақыл-сөз сонан соң барып іске айналады. Не жұмыс қылсақ осы үш: ақыл, сөз, іс – сырат көпірінен өтпей жұмысқа айналмайды» дейді. Әлихан Бөкейханның философиялық танымы өте терең: «ақыл – сөз – іс» үштік танымның бірлігін шығару «қылкөпірден» өткенмен тең екенін айтады. Осындай философиялық үштік таныммен басталған еңбегінің түйін сәтінде өзгеше терең ұғым мінезге тоқталады: «Балқан соғысында екі жүз мыңнан аса адам өлді, бұл соғыс білімсіздіктен емес. Ұлтына, жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден. Адам баласын өзіңдей жақсы көр, сүй деген мінез айтылғалы екі мың жыл болған, онан бері білім отарба, телеграм, телефон, айроплан шығарды, жақсы мінезге тоқтаған адам аз, білім біліммен, мінез мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса, білімді болмақ, мінезі жақсы бола ма, жаман бола ма, мұны құдай білер. Неше түрлі залалды қазақ мінезі бұзық орысша, мұсылманша хат білетіндерден көріп жүр. Бұлар өзге қазақтан білімді, білімнен жақсы мінез шықса, бұл қалай?». Әлихан Бөкейхан мінез мәселесіне адамдық (адамшылық) қасиет тұрғысынан келіп, оған жауап іздеген. Өз мақаласындағы негізгі мақсат Досмайыл ақсақалдың сөзіне жауап беру болғандықтан Әлихан Бөкейхан өзі қойған терең сауалдың жауабын ашық қалдырған. Мақаланың түйін сөзінде Әлихан Бөкейхан былай дейді: «Бүгін Досмайыл ақсақалдан сөз айыруға қысқартып жаза салдым, құдай бұйырса, тағы неше бұл сөзге айналармын». Әлихан Бөкейханның «бұл сөзге неше айналармын» деуі мәселенің тереңдігін көрсетіп отыр. Автор мақаласында «Адам баласын өзіңдей жақсы көр, сүй деген мінез айтылғалы екі мың жыл болған» дей келе, сол мінезді білім де түзей алмауы неліктен деп ізденіске түскен. Бұл тереңдігі жағынан Шәкәрімнің «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» сауалына ұқсас. Шәкәрімнің бесінші сауал-сөзі мынадай: «Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?». Оған академик-философ Ғарифолла Есімнің философиялық-толғау жауабы жарық көрді. Бұл қазақ философиясындағы жаңа сөз болды. Соған назар аударайық: «Бұл – Шәкәрімнің өз заманындағы қазақ оқығандарына қойған соңғы бесінші сауалы. Бұл сауалдағы негізгі проблема – адамның адамшылығы туралы. Мен адамшылықты не жақсы, не теріс дей алмаймын, ол бәрін қамтитын – феномен. Шәкәрім анық біліп отыр. Заман озған сайын білім молығып, адамдар білімді бола бастайды. Бірақ, мәселе сонда, сол білім адам табиғатын кемелдендіретін, яғни адамшылық ізгі қасиеттерді молықтыратын қуат бере ала ма? Әлде білім молыққан сайын адам болмысы қақпанға түсіп, оның басы дауға қала ма? Демек, Шәкәрім сауалы да заман озған сайын әр хакімнің айтқан тұжырым-ойларымен толыға түспек, бірақ сірә де толық жауап бола қоймас, себебі адамның соты адам емес, оның Жаратушысы болғаны табиғи түсінік пе деген пікірдемін». Шәкәрімнің сауалы да, оған Ғарифолла Есімнің жауабы да антропологиялық философияның мәселесі. Біздің айтпағымыз, осы мәселені ХХ ғасыр басында Әлихан Бөкейханның да көтергені болып отыр. Ол да субстанциялық мәселерді, оның ішінде мінез мәселесін көтерген мақаласын мына сөздермен түйіндеген: «Көп оқыса, зейінді болса, білімді болмақ, мінезі жақсы бола ма, жаман бола ма, мұны құдай білер». Өкінішке қарай, Әлихан Бөкейханның совет дәуіріндегі торға қамалған арыстандай болған өмірі ойшылдыққа қайта оралуына мұрсат бермеді, мол мұрасы «жабулы қазан» астында қалды. Сондықтан Әлихан Бөкейханның дүниетанымы қазақ философиясына жол бола алмады.
...