Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі

Автор:   •  Февраль 7, 2021  •  Реферат  •  3,673 Слов (15 Страниц)  •  682 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: «Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі»

         Орындаған: Қабжылманатова М.А

Мамандығы: Кәсіптік оқыту 2 курс студенті 6В01402

                                        Қабылдаған: Игисинова Н.Б

                                      Өскемен 2021

Жоспары:

  1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы дегеніміз не?
  2. Үшінші жаңғырудың бес басымдығы болып не табылады?
  3. Жаңғыруды философиямен қалай байланыстырамыз?
  4. Философияның жаңғыруға “сіңірген еңбегі”.

Кіріспе бөлім

  1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы дегеніміз не?

Қазақ ел болып тәуелсіздігін алғалы бері, сындарлы сынақтардан, өткелсіз өзендерден, ірілі-ұсақты кедергілерден өтіп келеді. Кедергіден өту деген айта салғанда оңай сөз болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл – халық еңбегінің мөлдір жемісі.

       Біз бодандықтың тас бұғауында жатқан кезде жоғалудың аз алдында қалған ең қымбат дүниеміз тарихымыз болды. Тарихымыздың тамыры босаңсып, үзілуге айналды. Бұл кез-келген ұлт үшін ауыр азап болар еді деп ойлаймын. Әсіресе, біз секілді тарихы қанмен жазылған ұлт үшін бұл орны толмас қайғы немесе шексіз тоқыраудың бастамасы болары хақ еді.

       Бірақ тәуелсіздік сөніп бара жатқан отты тұтатқан самалдай болды. Оның лебі сақталуға тиіс заттарды сақтап қалатын алып күшпен келді. Тәуелсіздіктің алғашқы ай, жылдарынан-ақ халық еңсесін тіктеп, болашаққа басқаша үмітпен қарай бастады.

      Қазақстанның Бірінші жаңғыруы азат елдің алғашқы қадамдары болды. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.

      Ал Екінші жаңғыру "Қазақстан-2030" стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

       Ендігі кезекте Қазақстан үшінші жаңғыру деп аталатын үлкен белестің үстінде тұр. Бұл да өз жемісін береді деп сенеміз, әрине. «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, "Қазақстан-2050" стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – "100 нақты қадам" базасында өткізіледі,»-деп, Елбасы айтқандай, бұл бір болашаққа бастайтын көпір, көпір болғанда да, сенімді көпір іспеттес.

       Шындығында, қазіргі әлем үздіксіз өзгерістер үстінде. Ондай өзгерістер дүниеге біртіндеп емес, бірден батпандап еніп жатыр. Соның бір ғана мысалы - ақпарат ғасырындағы жаңалықтың шапшаңдығы. Бүгінгі енгізген технологияңызды дамытып отырмасаңыз, ертең-ақ ескіріп шығуы ықтимал. Екінші жағынан алғанда әлемнің апшысын қуырған өзгеріс - мұнай мәселесі. Бір жағынан алып қарағанда, әлемде «қара алтын» деп жоғары бағаланатын осы шикізаттың қоры таусылардай азайып барады деген дабыл қағылуда. Алайда, азайған затқа сұраныс та күрт артып, оның құны шарықтауы керек еді. Бұлай болған жоқ. Керісінше, мұнайға бағаның құлдырауы соңғы жылдары біраз мемлекеттің үлкен мәселесіне айналып шыға келді.Мен бұнымен не айтқым келеді, демек біз де мына дөңгелек дүниемен бірге сәт сайын жаңарып, жаңғырып отыруымыз керек. Ал Үшінші жаңғыру, соған апарар жол болмақ.

 2. Үшінші жаңғырудың бес басымдығы болып не табылады?

Ендігі кезекте осы үшінші жаңғырудың Елбасымыз атап өткен басымдықтары туралы айтсақ.

       Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. Бұл басымдықтың өзі жинақталған үш негізгі міндеттен тұрады.  Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару. Дәуіріміздегі жаңа жаһандық қатерлерге қарсы мемлекеттің бәсекелестігін арттыру арқылы кез келген мемлекет жаңа индустрияландырудың ғаламдық үдерісіне қосыла алады. Осы ретте көптеген дамыған елдердің мысалын қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызын сезетін едік. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет саудалары, энергоүнемді желілер, транзакцияларды жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар және тағы басқалары - ең үлкен басымдыққа ие болып отыр. Ендеше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында. Ал бұл басымдықтың еншісіндегі тағы бір міндеті – Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру. Дәстүрлі салаларға өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқалары жатады. Ал тағы бір міндеті – еңбек нарығын жаңғырту. Жаһандық өзгерістер аясында бұл бағытта да белгілі бір қауіптер баршылық.

...

Скачать:   txt (51.4 Kb)   pdf (215.5 Kb)   docx (24.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club