Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі

Автор:   •  Март 1, 2021  •  Эссе  •  1,077 Слов (5 Страниц)  •  598 Просмотры

Страница 1 из 5

           С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті

                       Шет тілі және аударма ісі кафедрасы.

                                           Эссе  

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда  философияның рөлі

                                                       Орындаған:  Сайлауова Дильназ

                                                       Қабылдаған: Уалиева Раушан Токтасыновна


                                                       

                                           

                                            Өскемен 2021 ж.          

Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда  философияның рөлі

Еліміздің бірінші призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын арнаған. Н.Ә.Назарбаевтың үшінші жаңғыруын талқыламас бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына қысқаша тоқталып өтейік.

Бірінші жаңғыру - 30 жыл бұрын КСРО-ның құрамынан шығып, өз жолымызды бастағандығымызбен байланысты. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылды.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда –  Астананың (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Осылайша екі жаңғыру табысты өтіп бар көздеген міндет-мақсаттарымызға жеттік. Ал, ендігі үшінші жанғырудың алға қойған жоспар, мақсаттары және осы жаңғыруды жүзеге асыруда  философияның рөлі қандай? 

«Әр дәуірдің өз міндеттері бар және оларды шешу адамзаттың алға жылжуын қамтамасыз етеді.»  Г.Гейне.

 «Тарих - біздің істерімізді сақтаушы, өткеннің куәсі, қазіргі уақытқа үлгі және нұсқаулық, болашаққа ескерту» М. де Сервантес

 Менің ойымша, бұл сөздерді үшінші жаңғыртуға жатқызуға болады. Себебі Н.Назарбаев үшінші жаңғыруға байланысты  мақаласында айтып өткендей, біз даму үшін, көш басындағы елдермен тереземізді теңестіру үшін сініп қалған таптауырын қағидалардан айырыла және заман ағымына сай икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіре отырып, тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді ұмытпауымыз керек.  

Негізі мен осы жерде де жалпы философияның рөлі байқалады деп санаймын. Себебі, философияның ерекшелігі- ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайтындығы, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия сынды, біз өткенімзді, ұлттық дәстүрлерімізді жоққа шығармай, керісінше, бұрыннан сақталып келе жатқан озық дәстүрлерді жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білуіміз қажет. Елбасымыз айтып кеткендей: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»    

Философия тарихын құрайтын философтар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы  ғана мәнді. К.Ясперс былай деп айтқан: «Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кендік мүмкіндігін анықтауға болады».  Яғни, Сократ, И.Кант, А.Толстой және Абай Қ. пен Шәкәрім Қ. сынды ұлы ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы, философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жалпы философияның өзі адамға өмірлік бағыт-бағдар береді, оның тұлға ретінде қалыптасуына, дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлауға маңызды әсер етеді. Мүмкін сол себепті біздің еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің саяси және әлеуметтік маңызды бастамаларында қоғамымызды ағартуда философиялық тәсілді қолданған болар? " Жақсылардың соңынан еріп, одан да жақсысын жақсарту біздің абыройымыз.", - деген болатын ұлы ойшыл Платон. Осы тұжырымдаманы Н.Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы реформаларында пайдаланды, онда ол біздің қоғамымызды әрбір қазақстандықтың ұлы күші мен әлеуетінің тежеуші факторларының ескі жіптерінен босату процесіне және еліміздің жаңа тарихын жасауға қабілетті тұлға рөліндегі қоғамдық сананы жаңғыртуға айқын және түсінікті түрде баса назар аударды.

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (147.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club