Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі
Автор: Zhansaya Shakenova • Февраль 5, 2021 • Эссе • 317 Слов (2 Страниц) • 689 Просмотры
«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі»
Рухани жаңғыру – адамның санасының, ішкі дүниесінің жаңаруы, болашақтағы өзгерістерді қабылдай отырып оны үйренуі және санасына бекітуі деп түсінемін. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы айтатын болсақ Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында жаңғыруды қазіргі ғаламдық қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа жол ашатын және соған жетелейтін сенімді көпір деген болатын. Үшінші жаңғыруда Қазақстанды 30 озық елдің қатарына кіргізуге арналған негізгі бес басымдық қарастырылған болатын. Менің ойымша осы жаңғыруды іске асыру барысында философияның алатын орны өте үлкен.
Үшінші жаңғырудың 5 негізгі басымдылықтары бар. Осы басымдылықтарды іске асыру кезінде философияның алатын орны өте маңызды. Философияның негізі мағынасы «даналыққа құштарлық». Бұл өмір даналығы туралы ғылым. Философия білім беру ғылымынан бастап, экономика, қаржы секторы, адами қарым-қатынас сияқты барлық саланы қамтиды. Ол адам тіршілік етуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Философия өмірді тануға бағытталған. Бұл біздің еліміздің үшінші жаңғыруының негізгі сипаттамаларымен және басымдылықтарымен тұспа-тұс келеді. Сыбайлас жемқорлық философиялық тұрғыдан антикалық дәуірде Платон мен Аристотель кезінде пайда бола бастаған. Платон идеалды мемлекет бейнесін құрып, билеуші адамдар өз қамын ойлап кедей халықтың қолындағыларын тартып алатын болса бұл идеалды мемлекет болмайды және жақсылыққа апармайды деп тұжырымдаған болатын. Философия әрбір адамды жеке тұлға деп қабылдайды және тұлға өзінің барлық мүмкіншіліктерін
...