Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі
Автор: bolatovazhazira • Февраль 8, 2021 • Эссе • 290 Слов (2 Страниц) • 717 Просмотры
Эссе
Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философияның рөлі
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері үш жаңғыру кезеңдерін басынан өткізіп келеді. Біріншісі, әрине, тәуелсіздік алу. Ал екінші жаңғыру Қазақстанның экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылуымен ерекшеленеді. Ал енді үшінші жаңғыру туралы не айта аламыз? Бұл жаңғырудағы философияның алатын рөлі қандай?
Үшінші жаңғыру Ұлт жоспарын орындау мақсатында ең озық 30 елдің қатарына кіруді көздейді. Қандай болмасын мақсатқа жету жолында да, мемлекеттің экономикасын дамыту қажеттілігі туындап тұрған кезде де, саясатты дұрыс құру кезеңінде де ең алдымен өзіміздің ұлтымыздың мүддесін ұмытпау, рухани байлығымдың бағасын дұрыс бере білу, қоғамдық сананы қалыптастыру ең бірінші орында тұру қажет. Адам ең басты капитал болғандықтан, адамның сауаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттырмаса, жан дүниесін рухани тұрғыдан байытып отырмаса еліміздің ел болудан қалатыны айдан анық. Осы тұрғыда үшінші жаңғырудың бағыттары қаншалықты салмақты да маңызды екендігін түсінуге болады. Жай ғана түсініп қоймай, философиялық тұрғыдан қарау қажет. Себебі бұл жаңғырудың түпнұсқасы философияға негізделген. Бәрімізге түсінікті болу үшін осы жаңғыру кезеңінің бағыттарын жекелей талдап көрейік.
Біріншіден, ақпараттық технологиялық жаңғыруға тоқталайық. Бұл заман талабына сай әлемде болып жатқан жаңалықтарды өз қажеттілігімізге жарата алу. Ғаламторды пайдалану, сол арқылы байланыста болу, сауда-саттық жүргізу, ақпараттармен танысып отыру- осының барлығы технологиялық жаңғырудың бөлшектері. Бұл ғылым философиясына негізделіп тұрғандығын байқауға болады.
Екіншіден, және өте маңызды болып тұрған қоғамдық сананы жаңғырту. Философиялық тұрғыдан алатын болсақ бұл орайда эстетика, сана философиясы, тіл философиясы, этика сияқты салалардың барлығы тоғысқан. Яғни өткен тарихымызға көз жүгірте отырып, ата-бабамыздың бойында қалыптасқан прагматизм, салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді, әдебиетімізді, ұлттық құндылықтармызды рухани тұрғыдан жаңғырта отырып, қазіргі заманның талабына сай біліммен ұштастыру, өз тілімізге тағзым ете отырып, өзге тілдерді де меңгеру секілді мәселелер қоғамдық сананың қалыптасуының алғышарттары.
...