Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі
Автор: akerke9645 • Декабрь 27, 2020 • Реферат • 401 Слов (2 Страниц) • 725 Просмотры
Орындаған: Тектурмасова А.Е.
Шет тілі:екі шет тілі
Магистр, курс
Тексерген: Сейтембетов Е.Ж.
Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі
(Эссе)
Философия ғылымы адам баласының ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын кеңейтуде басты рөл атқарады. Әуелгі қазығы Батыс елдерінде қағылған. Ал қазақстандық жастардың келешегін жаңаша жаңғыртуда Батыс философиясы ықпалдырақ. «Философия» грек тілінен аударғанда «Даналыққа деген махаббат» ұғымын білдіреді екен. Саяси бағдары мен ұстанымы мықты елдердің басым бөлігі осы ауқымды ілімге деген сүйіспеншіліктің арқасындаұлы жетістіктерге жеткен. Дамыған елдерге қарап бой түзеген қазақ қоғамының да сол қатардан көрінер күні алыс емес.
ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін» атап көрсетті. Олай болса Әбу Насыр Әл-Фараби –ұлы ғұлама айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру-әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің бірі. Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бүгін біздің Елбасымыз бізге үшінші жаңғыру жөнінде міндет қойып отыр. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
...