Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі
Автор: dana.bolatkan • Октябрь 21, 2020 • Эссе • 593 Слов (3 Страниц) • 1,087 Просмотры
Пән | Философия |
Орындаған | Болатқан Дана Қайратқызы |
Мамандық | 7М05302 химия |
Курс | 1 курс (русская группа) |
Тапсырма | 1-2 апта |
«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі»
Адамзат ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын кеңейтуде басты рөл атқаратын философия ғылымының қазығы әуелден, Батыс елдерінде қағылған. Ал қазақстандық жастардың келешегін жаңаша жаңғыртуда Батыс философиясы ықпалдырақ. «Философия» грек тілінен аударғанда «Даналыққа деген махаббат» ұғымын білдіреді екен. Саяси бағдары мен ұстанымы мықты елдердің басым бөлігі осы ауқымды ілімге деген сүйіспеншіліктің арқасындаұлы жетістіктерге жеткен. Дамыған елдерге қарап бой түзеген қазақ қоғамының да сол қатардан көрінер күні алыс емес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін» атап көрсетті. Олай болса Әбу Насыр Әл-Фараби –ұлы ғұлама айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру-әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің бірі. Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бүгін біздің Елбасымыз бізге үшінші жаңғыру жөнінде міндет қойып отыр. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Қазір білім бағдарламалары елімізге табыс әкеліп жатыр. Білімге құштар ұрпақ білімнің шегіне жетпес, ол тек бір білім саласын ғана қамти қоймайды – ол философияны да оқуы керек. Философия бойынша әрбір адамды тұлға деп қарайды сол тұлғаның барлық мүмкіншіліктерін пайдалану керек . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазір біз жаңартылған білім бағдарламасымен білім алып жатырмыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.Тағы бағалау жүйесі де өзгешелеу, критериалды бағалау.Бұл бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады. Біз үш тілді үйреніп жатырмыз. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Қазақ тілін барлық қазақстандықтар білуі тиіс. Біз ағылшын тілін де білуіміз қажет, себебі, ол – ғылым тілі. Орыс тілін де білу керекпіз, бір-бірімізді онымен түсінісе аламыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу жолдары іске асырылуда. Өйткені қазіргі дамыған мемлекеттер қазақтың сөздерін емін-еркін осы латын қарпінде оқып, біздің құнды салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді тағы да басқа құндылықтарымызды дәріптесек онда алдыңғы қатарлы елдің бірі боламыз деп ойлаймын.
...