Ғылым ұғымын саралау
Автор: tursybgul • Октябрь 7, 2022 • Доклад • 1,094 Слов (5 Страниц) • 831 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
Геодезия және картография мамандығы
[pic 1]
МӨЖ
Тақырыбы: Ғылым ұғымын саралау
Орындаған: Харифолла Әділ Мутиғоллаұлы
Тексерген: Сембаева Гульнара Маликовна
Алматы 2022
Эссе
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ғылым ұғымын қалай түсіндіре аламыз?
2. Ғылымның пайда болуының алғышарттары
3. Ғылымның қазіргі таңдағы рөлі
III. Қорытынды
Қазіргі таңда ғылыммен ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Себебі ғылыми жетістіктерінің жемісі біздің өмірімізге әлде қайда бірнеше 10 жылдықтар бұрын қолданысқа еңіп кеткен болатын. Алайда қазіргі таңда адамдар ғылымды тек қана жаңа технологиялар ғана жиынтығы ретінде қарастырады және дұріс түсінік бере алмайды. Оған коса, өкінішке орай, политикалық жағдайлар мен мемлекеттер арасындағы шиеленісу, ғылымның жер шарының әр бөлігінде әр түрлу дамуға алып келді. Ия, ғылымның да шекарасы бар десек те болады. Оған мысал біздің ХХI ғасырда ғылымның шарықтау шегіне жетіп, жаңа заманауи технологиялар ғасырында әлі күнге дейін жабайы тайпалардың болуы. Мьянма жағалауындағы Солтүстік Сентинел аралындағы аборигендер тайпасы ғасырлар бойы тіпті от жағуды да үйренбеген бұл жерде тұратын адамдар өркениетті әлеммен кез келген байланыстан қашады. Бұл адамдар үшін ғылым үғымын түсіндіру өте қиынға соғатыны сөзсіз. Алайда егер түсіндіріп көрсек, ғылым ұғымын қалай түсіндіре аламыз? Ғылымның пайда болуына не себепкер болды? Оның қазіргі таңдағы адамзат өркениетіндегі рөлі қандай? Осы сұрақтарға жауап қарастырып көрейік.
1. “Ғылым – адамның өзін қоршаған дүние, қоғам және өзі туралы объективті білімді алуға, негіздеуге және жүйелеуге бағытталған танымдық әрекетінің ерекше түрі, соның негізінде адам шындыққа бір қадам жақын болады” - деген анықтаманы әрбір кітап пен ғаламтор желісінен ала аласыз. Алайда адамзаттың өзін қоршаған ортасын зерттеуге не себеп болды деген сұрақ туындайды. Ғылымның пайда болуына алғышарт болған себеп неде? Жалпы ғылым мен өркениеттін дамуы ежелгі адамдармен тығыз байланыста, ендеше сұрақтың жауабын Сентинел аралындағы аборигендер мысалында түсіндіріп көрейік. Сонымен Сентинел аралындағы аборигендердің бізге қарағанда қоршаған орта туралы білімі төмен және тіпті даму бір орында қатып қалды десек болады. Ал біздің кезегіміздегі аралдағы жабайы адамдардың даму деңгейінің тоқтап қалуы, олардың сыртқы үлкен әлемнен теңіз арқылы шектелген ортада яғни аралда өмір сүруі, олардың эволюциясына балта шауып отыр. Себебі аралдағы өмір олар үшін өмірлерінің сонын дейін курортты ортада болумен тең. Ал біз білетініміздей курортты ортада адам дамыдайды ол тек демалады. Себебі аралда қоректік тізбектін ең шынында сол адамдардың өздері тұр, яғни оларға ешбір жыртқыш аң сол адам тобының популяциясына қауіп төңдіре алмайды. Оған қоса аралдын тропикалық мәңгі жаз клиамтында болуы мен қоректің балықтар мен жеміс жидек түрінде мол болуы бұл факторды тіптен ушықтырады. Ал материктегі жабайы адамдар болса, тірі қалу мақсатында түйсіктерін ойлау қабілетімен бірге қоса пайдала отырып, от жағуды үйреніп, қарапайым ағаш-тастан құралдар жасап, ал қыстын қаһарынан сақтану үшін жабайы аң терісін киім ретінде пайдалана бастады. Әрине бұл “ғылым” ұғымының анықтамасына жатқызуға болмайды, алайда сол кездегі адамзаттың іс-әрекеті мен ойлау түйсігі міңсіз адамзаттың дамуына алып келді.
...