Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Реферат  •  3,917 Слов (16 Страниц)  •  2,372 Просмотры

Страница 1 из 16

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

 «ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»

  пәні бойынша

Магистратура  (қ/б) 1 курс, күзгі семестр, 2 кредит

Шығыстану факультеті

Мамандықтар: 6М021000-Шетел филологиясы

Cеминар сабақтарының тақырыптары мен сұрақтары және

оларға дайындыққа арналған әдістемелік ұсыныстар

 Саяси  ғылымдарының кандидаты, доцент

Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы

Алматы, 2016

«ҒЫЛЫМ  ТАРИХЫ  МЕН  ФИЛОСОФИЯСЫ»  ПӘНІ БОЙЫНША

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ  ОЛАРҒА  ДАЙЫНДЫҚҚА  АРНАЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар саяси  ғылымдарының кандидаты, доцент осы пән бойынша құрастырған силлабустың негізінде 5М020200- Халықаралық атынастар мамандығы бойынша білім алушы 1 курс студенттеріне арналып дайындалған. Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – осы пәнде зерттелетін негізгі мәселелерді студенттердің жан-жақты, мүмкіндігінше толық игеруіне ықпал ету, семинар сабақтарына дайындалуына көмектесу.

«Ғылым тарихы мен философиясы» пәнінен семинар сабақтарының мақсаты – пән бойынша дәрістерде алынған білімді бекіту, тарих философиясының түйінді мәселелері мен қоғам дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін білу, студенттердің ойлау, өз ойын ауызша жеткізе білу және жинаған білімдерін күнделікті әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту.

 Практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін «Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша ОӘК-не кіретін силлабустан және осы құжаттан табуға болады. Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиялық ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.

Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқаша конспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды. Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық, ІТ құралдарды, схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектеседі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді. Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды, анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.

Семинар сабақтарының барлығына ортақ форма студенттердің семинар сабағы тақырыбының сұрақтарын талқылау үрдісіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі. Семинар сабақтарындағы жауаптар 0 баллдан 5 баллға дейін бағаланады.

№ 1 сабақтар

Тақырып:  Ғылым  тарихи мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері   

1. Ғылым  тарихи мен философияның  пәні қалыптасуы

2. Ғылым  тарихи мен философияның  атқаратын қызметі

3. Ғылым  тарихи мен философияның  зерттеу  обьектілері   

 

Әдістемелік ұсыныстар.

Ғылым  тарихи мен философиясында даму барысында өзінің дәстүрі қалыптасты. Оның бірі және ең тұрақтысы адамзат тарихын біртұтас кезеңдердің дамуына байланысты төменнен жоғарыға қарай ұмтылған процес ретінде қарастыру дәлелдіңіз. Басқа дәстүрі бойынша әлемдік тарихты кеңістік көрінісінде және оның тұтастығын болмыс жүйесіндегі формасын мәдениет пен өркениетте көрсетеді анықтаңыз. Ғылым  тарихи мен философиясының басты мәселесі әлемдік адамзат баласының тарихының қалыптасуы,  адамзат баласының  планетарлық интеграциясы жолына талдау жасау, мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл мәселені қою мен шешу ғылыми тарихи-философиялық зерттеуге ерекше мән береді. Қоғамдық философиялық талдау жасауды тарихи зерттеу әдістері арқылы синтездеуге мәжбүрлейді дәлелдіңіз.

...

Скачать:   txt (52.4 Kb)   pdf (201.6 Kb)   docx (37.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club