Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылым және миф

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Реферат  •  2,885 Слов (12 Страниц)  •  838 Просмотры

Страница 1 из 12

Ғылым және миф

Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлсмге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер (аңыз-әңгімелер). Басқаша айтқанда, миф – алғашқы қауымдық қоғам адамдарының әлем, дүние жөніндегі танымының көрінісі. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп, әрі ауқымды. Бұның өзі миф тек қана және жанр емес, сонымен қатар дәл анықтама беру қиын күрделі жанр екендігін көрсетеді. Мифтің ең ежелгі түрі – архайкалық миф. Онда ғаламның жаратылуы, адамның пайда болуы, т.б. жөніндегі қадым заман адамдарының түсінігі таңбаланады. Миф әлем халықтарының бәрінде бар. Оған ежелгі Греция, Рим, Египет, Үндістан, Қытай мифтері және кейінгі кездері зерттеле бастаған Азия, Африка, Америка, Австралия, т.б. елдердің мифтерін атасақ та жеткілікті. Кейінгі жылдары қазақ фольклортану ғылымында да мифтер зерттеліп, жүйелене бастады. Онда миф халық прозасының әуелгі сатысы ретінде аңыз, әпсана-хикаяттармен қатар қарастырылады. Қазақ мифі типологиялық сипаты жағынан әлем халықтарында, әсіресе түркі елдерінде кездесетін мифтермен ұқсас. Ұмай, Бабай Түкті Шашты Әзіз, Еміре, Үббе, Қорқыт, т.б. персонаждардың әр алуан вариантта түркі халықтарынық көпшілігінің мифологиясынан ұшырасуы–Қағанат қалыптаспаған бағзы заманаларда-ақ ортақ танымдық кеңістік болғандығының айғағы. Қазақ фольклорында өзгерген немесе халық прозасының басқа жанрларының сипатын қабылдаған көне мифтердің («Қазығұрт», «Көк өгіз», «Қорқыт», «Асан қайғы», «Толағай» т.б.) ізі сақталған. Екінші бір түpi – таутас, алып-құздардың ерте заманда адам болғаны жөніндегі («Келіншек тау», «Қырық қыз», «Қоңыр Әулие», «Көртышқан», «Жеті қарақшы», «Үркер» т.б.) көне мұралар және оған қатысты мифтік аңыз-әңгімелер. Қазақ фольклорындағы мифтік жанрлар турасында фольклортанушы С. Қасқабасов: «Стадиялық жағынан келгенде, қазақ мифі – алғашқы қауымға және австриялықтар мен африкалықтар, солтүстік азиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, сондай-ақ ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясынын ортасындағы аралық жанр»,– дейді. Қазақ мифтері тақырыптық жағынан: ғарыш туралы (космогонические), аңдар мен құстар (этиологические), адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында (генеалогические) мифтер деп сараланып жүр. Әлемдік фольклортану т.б. ғылым салаларында мифтерді зерттеу барысында көптеген мектептер: Грим, Кун, Макс Мюллер, А. Н. Афанасьева мифологиялық мектептері, Тайлор, Спенеердің антропологиялық мектептері қалыптасты және миф жөнінде Фрейд, Е. М. Мелетинский т.б. ғалымдар еңбегі бар. Шаңбаев Т.

Қазақтың мифтері өзінің барлық компоненті жағынан жоғарыдағыдай  көне классикалық мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйінде болмаса  да көне заманғы мифке тән мифтік сана, уақыт, мифологиялық ұғымдардың іздері айқын көрінеді. Қазақ мифінен мифтік сананың дамуындағы екі сатыны да, космос моделін де, ілкі атаның жасампаздығын да, адам мен табиғатты қарсы қоюдың да, аң мен құстардың мінез - құлқын түсіндіріп әңгімелеудің де көріністерін табуға болады. Бұл қазақ мифтерінің, қазақ мифологиясының өзіндік ерекшелігі, өзіндік универсализмі.

    Қазақ мифологиясының зерттелу тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі – қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Бұл кезеңде мифология негізінен этнография ғылымының аясында зерттеліп, олардың басым көбіне европоцентристік көзқарас тән болды; екінші кезең қазан төңкерісінен кейінгі уақытты қамтиды. Бірақ, зерттеу жұмыстарының белсендітүрде жүргізілген уақыты өткен ғасырдың 50-80-жылдары. Бұл уақыттағы зерттеулерге мифологияны лингвистикалық тұрғыдан қарастыру тән болды; ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық ғылым қазақ мифологиясын ұлттық философия негіздерін жасау ауқымында сөз ете бастады. Оның танымдық жағына екпін жасалды.  Зерттеулер мәдениеттің ұлттық формалары шеңберінен шығып, жалпы теориялық, жалпы философиялық, жалпы адамзаттық мәнді мәселелерді көтерді.

...

Скачать:   txt (39.8 Kb)   pdf (87.5 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club