Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жасау, қазіргі қолданысы

Автор:   •  Сентябрь 19, 2024  •  Контрольная работа  •  893 Слов (4 Страниц)  •  42 Просмотры

Страница 1 из 4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология институты

Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы

[pic 1]

СОӨЖ/СӨЖ №1

Тақырыбы:

А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы, өміршеңдігі

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жасау, қазіргі қолданысы

Орындаған:  Болатбекова А.Б.

          Қабылдаған: Қабатай Б.Т.

      Алматы, 2024

СОӨЖ №1

Еңбектің атауы

Ой-пікірлері

Менің түсінігімде

“Қай әдіс жақсы?”

( baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік )

  • “Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылыуына қарай.”

Қайсы бір әдістің алсаңда, оны жүйелі қолданған болсаң, дұрыс нәтиже береді. Ол баланы оқытуға, креативті ойлауға көмектесетін дүние болғандықтан өз орнымен қолданған жөн.

“Әдебиет танытқыш”

(Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 7 бет)

  • “Қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я кескінлі сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейлі”

Сөз өнерінің құдіреті. Жансыз дүниеге жан бітіріп, ажарлы, көркем болмысты қалыптастырып, адам санасына ой салатын, түрткі болатын дүние, ол – сөз. Көрнек өнерінің әрбіреуі ерекше нәтиже шығара алады, ал сөз өнерін көзбен көріп, құлақпен естіп, жүрекке нұрлы жол салады.

“Әдебиет танытқыш”

(Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 10 бет)

  • “Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау”

Асыл ой адам санасынан сөз боп шығарда, ақылдың, қиялдың, көңілдің ісінен шығуы тиіс. Ақылға салып, ойланып, ой елегіннн өткен сөз дұрыс болары анық. Сол пікірді бейнелі түрде ойлап, кескін келбетін қалыптастырып жүйелек қажет. Толық дайын болған дұрыс бейнелі сөзді көңілге түйіп, лебізді түрде айтылуы қажет. Сонда ғана жүректен шыққан асыл сөз жүрекке барып тиеді.

“Әдебиет танытқыш”

(Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 102 бет)

  • “Шығарған сөзі көркем сөзді шығарма болатын өнердің аты ақындық”

Ағартушы ақынның болмысында, оның әрбір лебізді сөзінде жоғары бағалайды. Ол ең алдымен өзіндік ішкі ғаламын толғап, кейін тысқары ғаламға көркем сөзбен, асыл сөздермен жеткізіп, адам санасына түрткі болады.

“Жазу тәртібі”

(baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік)

  • “Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт”

Балаға берілетін білім біріншіден кітаптан, кейін мұғалім сөзімен беріледі. Сол себептен, кітап деген киелі ұғым мазмұнында оқушыға ұғынықты, сөзі дұрыс заттың болуы талап етіледі. Олай болмаса кітап дұрыс деп санайтын балада теріс мағлұмат, теріс сөз әсерінен кері ұғым қалыптасуы мүмкіг.

“Баулу мектебі”

(baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік)

  • “Оқу біткеннің бәрінен алатын білім – өлі білім. Үйткені оның бәрі де нәрсенің өзімен, затымен айналыстырып үйретпей, тек нәрсенің атымен, бернесімен ғана айналыстырып үйретеді. Бәрі де істің әдісін үйретпей, тек мәнісін үйретеді. Сондықтан оқу мектептерінен шыққандар да мәнісін білім мол болғанмен, әдіс білім аз болады. Әдіссіз тек мәніс білімі – өлі білім. Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болу керек”

Тек Зейінге салып оқыған білім жалаң болып, өлі білім болады. Яғни, алған білімді іс жүзінде, өмірде қолдана алмайсың. Ал, тіршілікке қажет білім ол – тірі білім. Санада қалыптасқан жаңа білім өмірмен ұштасып, керегін қоршаған ортада пайдалана алу қажетпіз. Сонда ғана білім нәтижелі болады.

“Баяншы”

(baitursynuly.kz – Оқулықтар – Нұсқаулықтар)

  • “Оқу басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды. Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы”

Ахмет Байтұрсынұлы бұл жерде пікірін “жалпылау” әдісіне меңзеп тұр. Оқитын дүние ең алдымен оңайынан басталады. Сол себепті баланың, ұстаздың қызығушылығын, ынтасын жоғалтпайтындай кітап бастауы жеңіл сөзден, тақырыптан басталған жөн болады.

“Оқыту жайынан”

(baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік

  • “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі; бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамай, ауытқымай, түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағандағы оқу жұмысы аумалы жүк сиақты, орнықсыз. Жүгі ауған көштің жүрісі өнбейді”

Мұғалім болу үшін оның жұмысын жүйелейтін құрал қажет, оны шығаратын ақша қажет. Барлығы бір үшбұрышқа тірелген сабақтастық. Қазірде бұл мәселе орын алуда. Оқу жұмысында атқарылатын бұл байланысты үзбей ұстау қажет, үзілсе іс нәтижесіз болады.

“Тіл жұмсар”

(baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік)

  • “Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру”

Ғалымның бұл пікірі қазіргі білім жүйесінің талабымен сәйкес келеді. Яғни, мұғалім “дайын” білім көзі емес, оқушыға бағыт беруші, жол сілтеуші. Бала сонда ғана көрген- білген, үйренген нәрселерін жадында сақтайды, білімін өмірде өз пайдасына жарата алады.

СӨЖ №1

...

Скачать:   txt (11.9 Kb)   pdf (426.5 Kb)   docx (439.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club