Шәкәм Құдайбердіұлының "Үш анық" атты фәлсафалық трактаты
Автор: BodykovaMT • Апрель 13, 2022 • Доклад • 274 Слов (2 Страниц) • 586 Просмотры
Шәкәм Құдайбердіұлының "Үш анық" атты фәлсафалық трактаты- қазақ халқының гуманитарлық мәдениетінде ойып тұрып орын алатын шығармалардың бірі.
Мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасын оқи отырып, ол кісінің араб, парсы, түрік тілдеріндегі шығармалармен де таныс екенін және де бұл шығармада жазылған деректердің сол замандағы сөздіктер мен энциклопедиялардан алғанын білдім. Ол сонау ерте заманнан бастап келе жатқан адасушыларды сынаған. Шәкәрім соларды өзінің білімі мен ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің түйінін – «Үш анықты» баян еткен.
Оның бірінші анығы сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ бұл көрініс ақиқат емес, яғни толық болмысты көрсетпейді. Толық болмысты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз адамның логикасы, ақыл есі, ойы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды деп есептеп жазған. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адами қасиеті белгіленіп отыр.
Екінші анық – өлімнен кейінгі тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі көзге көрінбейтін әлемге жатады. Көзге көрінбейтін әлем туралы тоқталып өтеді.
Үшінші анық – екі өмірге де керек нәрсе ол –ар- ұждан. Бұл жерде екі өмір дегеніміз көзге көрінетін және көзге көрінбейтін өмір. Ұждан, немесе ұят дегеніміз жанның қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Ұят – Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы осында болса керек. Абай атамыз айтқандай " Адам болып келген соң, қайтіп надан болайын" демекші адамның адамгершілігі жоғары болу керек деп есептеймін. Шығарманың мақсаты – осы үш анықтың анықтығын дәлелдеу.
...