Философия семинар
Автор: aruzanznis02 • Февраль 22, 2021 • Эссе • 499 Слов (2 Страниц) • 348 Просмотры
Философия семинар. 94,95,96 шы беттер.
Бақытымызға орай,неміс тілінің терминінде ,бұл айырмашылықты атап көрсетеді.Латын тілінде bonum сөзі неміс тілінде екі үлкен айырмашылық сөзді білдіреді.bonum-das Kute және das Wohl, malum- das Böse және das Übel(немесе Weh). Осындай үлкен айырмашылықты болғандай, біз оны жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен бақытсыздық іс-әркеттеріміз сияқты қабылдаймыз.Бұдан шығатыны, жоғарыда аталған психологиялық ахуал, ең болмағанда, өте сенімді емес.Егер осылай аударылатын болса , кем дегенде әлі де шындыққа жақын емес екені шығады; егер ол: зерденің нұсқауымен біз тек өзіміз ізгіліктен немесе жамандық деп есептейтін нәрсені ғана қалаймыз деп берілсе, онда бұл ереже екені дұрыс және сонымен бірге өте анық көрсетілген.
Игілік немесе бақытсыздық үнемі тек біздің жағымдылық және жағымсыздық, разылық немесе қайғы-қасірет жағдайымызға қатынасты ғана білдіреді; және егер де біз сол себепті объектіні тілейтін болсақ немесе оны жек көретін болсақ, онда ол біздің сезімділігімізге және сезімділігіміз тудыратын қанағаттану мен қанағаттанбау сезіміне ғана қатысы болғандықтан болады. Бірдемені өзінің заты ету — зерде заңы ерік осы заңмен анықталатындықтан, ізгілікте немесе жамандық та ылғида да ерікке қатынасты білдіреді, бірақ, ерік ешқашанда тікелей объектімен және ол туралы түсінікпен анықталмайды, нақтысында ол өзі үшін зерде ережесін өзіне істер ісіне түрткі болатын нәрсе қылу қабілеті болып табыладыІзгілік пен жамандық, негізінен, адамның көңіл күйіне емес, істеген ісіне жатады, және де егер бірдеме тұтастай ізгілік немесе жамандық болуға немесе солай болып есептелуге тиіс болса, онда бұлай тек әрекеттің сипаты, ерік максимасы сонда, әрекет етуші адамның өзі ғана ізгі немесе жаман
...