Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыни рационализм

Автор:   •  Декабрь 17, 2021  •  Контрольная работа  •  435 Слов (2 Страниц)  •  408 Просмотры

Страница 1 из 2

Сыни рационализм  -  теориялық тұрғыда орныққан тұжырымдарды қайта зерттеп, оның бұрынғы көзқарастарын ақтап алып шығуды көздейтін, егер ол ақталмаса ол тұжырымды жоққа шығара алатын ғылыми сала болып табылады.  Бірақ, сыни рационализмнің мақсаты бұрынғы орныққан гипотезаларды жойып жіберу деп түсінуге болмайды, ғылымның дамуы үшін әр уақытта жаңа көзқарастарды пайдалана отырып белгілі бір теориялық ойды тереңдете дамыту басты мақсаты болып есептеледі. Сыни рационализмнің ықпалымен ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, ғалымдар өз жұмыстарына жаңа мақсаттар қойды.

Сыни рационализм – негізін К. Поппер қалаған қазіргі батыстық философиядағы бағыт. Оның өкілдері ретінде сол сияқты Дж. Агасси, Д. Уоткинс, И. Лакатос, Х. Альберт, Э. Топич, Х. Шпинер және т.б. есептеледі.

Сыни рационализм ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сыни қатынасты білдіреді, және  рационалдылық пен сыншылдық ажыратылмай бір ұғым ретінде түсіндіріледі. Сыни рационализмнің бірнеше прициптері бар:

1. Білімнің принципиалды гипотезалығын, яғни жорамалдылығын, оның  қателерге ұшырағыштығын (фаллибилизм) мойындау;

2.  Шекараның  критерийін теориялардың ақиқаттылығын анықтаудан (верификация) олардың  жалғандылығын (фальсификация) анықтауға өзгерту;

3.  «Сынаулар мен қателер» әдісін негізгі ғылыми әдіс деп мойындау;

4. Ғылыми білімнің даму процесін куммулятивтік емес түсіндіру – ғылым тек бір ақиқатты теориялардан басқаларына емес, тереңділігі мен күрделілігі азырақ проблемалалардан тереңділігі мен күрделілігі артығырақ проблемалаларға қозғалады дегенді меңзейді.

Сыни рационализимнің дамуы бірден бірнеше бағыттар бойынша жүрді:

- И. Лакатос сыни рационализмді ғылымның шынайы тарихына бейімдеуді өзінің міндеті деп қойып, оған ғылыми – зерттеу бағдарламалардың әдіснамасын жасады.

- П. Фейерабенд сыни рационализмнің принциптерін олардың қисынды аяқталуына жеткізді, соның нәтижесінде оны әдіснамалық анархизмге әкелді;

- К. Поппердің өзінің жұмыстарында сыни рационализмді әлеуметтік таным барысында қолдана бастады, кейінірек әр түрлі әлеуметтік және саясаттану концепцияларымен көбірек біріге түсті;

- Х. Альберт рационалдылық проблемасын талқылауды қорытындылап, оны «әдістік тәжірибиенің жалпыға бірдей проблемасы» деп жариялады, сөйтіп оны ғылыми танымды талқылаудың жоспарынан қызметтің кез келген сферасына рационалды - сыни қатынас жоспарына ауыстырды, яғни қызметтің кез келген саласында сыни көзқарас болу керек делінеді.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (58.3 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club