Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Реферат  •  578 Слов (3 Страниц)  •  586 Просмотры

Страница 1 из 3

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау.

        Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.      

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша негізінде еліміздің жарқын болашағына зор үлес қосатын маңызды мәселелер қамтылған. Бұл бағдарлама мынадай мәселелерді шешуге негізделген :

  • Бәсекелік қабілет;
  • Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  • Білімнің салтанат құруы;
  • Сананың ашықтығы;
  • Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

           Қазіргі заманға сай ұлттық сананы қалыптастыру «Рухани жаңғыру» бағдарламасының актуалды екендігін көрсетеді. Озық технологияларға сай жаңа сананы қалыптастыруға себеп болатын факторларда жетерлік. Солардың бірі ХХ ғасырдағы еліміздегі болған барлық қиын қыстау кезеңдер мен оқиғаларды алуға болады. ХХІ ғасырда да көптеген факторлар бар. Мысал ретінде кейбір құндылықтардың өзгеруі, жаһандану үрдісінің кеңеюі де ұлттық сананы қалыптастыруға себеп болуда. Ал бұл үрдісті жүзеге асыру жолында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспарлы да жүйелі түрде даму картасын сызған.  

           Алдымен еліміз бәсекеге қабілетті болу керек. Бәсекеге қабілетті болудың бірден-бір жолы білім саласына көңіл бөлу. Ел білімі қаншалықты жоғары деңгейде болса, соншалықты сол елдің бәсекеге қабілеттілігі, ұлттық сананың қалыптасуы да тура пропорционалды түрде артатыны белгілі. Былайша айтқанда бүкіл әлемде болы жатқан мәселелерді шешуге арналған құралдар осы елдің қолында болары сөзсіз.

          Екіншіден, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, себебі дәл осы айтылған ұғымдар біздің рухани мәдениетімізді қалыптастырады әрі ұлттық бірегейлікті сақтайды. Бұл ұлттық бірегейлік сонау ата-бабаларымыздан бастап, осы кезеңге дейін жалғасып келе жатқан және қалыптасып келе жатқан бір-бірімен байланысқан ұғымдардың жиыны. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша да:

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (50.3 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club