Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы өмір философиясы

Автор:   •  Июнь 15, 2021  •  Реферат  •  1,642 Слов (7 Страниц)  •  755 Просмотры

Страница 1 из 7

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ

Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

мамандығының 2-курс студенті Таупихова С.А.

Ғылыми жетекші: PhD доктор, оқытушы Балабекұлы Д.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аңдатпа: Бұл зерттеу мақаласында қазақ халқының ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдері тек қана жыр толғау ғана емес,сонымен қатар философиялық мағынаға толы екендігі көрсетілген.Оның өмір мәселесі қоғалған өлеңдеріндегі түпкі ойлары кейбір әлем ойшылдарының жазбаларымен сәйкес келетіндігін көруге болады.

Кілт сөздер:Мұқағали Мақатаев, философия, өмір философиясы

 «М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған» [1]

Әбіш Кекілбаев

«Өмір деген не?», «Өмірдің мәні неде?» осы сұрақтар мазасыз толғаныстарға әкеледі. Өмір сүріп жатқан адамдардың барлығы да аталмыш сауалдарға жауап іздейтіні хақ. Қаншама қаламгерлер өмір толғаныстарын,  керемет өлең шумақтары мен әдемі ойларын өз оқырмандарына тарту еткен-ді.Олар тек қана өлең жазып қана қоймай, философиялық ойларын поэзиямен ұштастыра білді.

Әр өлеңі-бір әлем болған ақиық, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев та  өмірдің факторларын прицип етіп,  қай-қай өлеңінде осы аталмыш тақырыпты арқау еткенді.  

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектептеріміз бен ұлы дəстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан ақын. Ол — қазақтың өлең-сөзін биік заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.Өлеңдерінде қарап отсақ түпкі философиялық ой, социологиялық проблеммалар мен патриотизм тақырыптары да қозғалған.

Лирикалық тебіреніске,философиялық мағынаға толы өлеңдеріне көз жүгіртпес бұрын, ақынның  талан тартысқа түскен, оның шығармашылығының негізгі тетігі болған трагедияға толы  өміріне бір шолу жасап өтейік.

Мұқағали атамыздың  үйдің тұңғышы, оның артынан бір қыз және үш ұл дүниеге келуі ерте есейтті. Алайда сынақсыз ғұмыр кештірмейтін Тәңірі ақынның қарындасы мен бірінші інісін ерте алып кетті.

Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. Ашаршылық кезі, қуғын-сүргін кезі,екінші дүниежүзілік соғыс.Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.

Өмірдің нағыз қызған шағы ортаң беліне келгенде ақынның денсаулығы сыр береді. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен кіші қызы Майгүл де көлік апатынан қаза табады. Балаларының қазасынан кейін ішқұса болған ақын ақыры жазылмас дертке шалдығады. [2]

Өмірінде қуаныштан гөрі қайғының көп болуы Мұқағалиді ақын етті деуіміз артық айтқандық емес. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі десек, сол өмірді Абай айтқандай «Не жаман өткіземіз, не жақсы өткіземіз»[5]. Мұқағали ақынның шығармашылығы да осы принциптерге негізделгендей.

Әр адам өмірге келген соң, өмірді бақытты өткізгісі келеді.Мұқағали атамыз жыр толғауында айтқандай: «Бақыт деген-сенің бала күндерің, бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің»[3]. Өмірдің бастауы-балалық шақ. Балалық шағыңда көрген,білгендерің ең қымбат естеліктер екені барлығына мәлім.Психологиялық тұрғыдан қарасақ та,балалық шақ-адамның үйрену,білу,жаңа нәрсені білуге тырысу кезеңі және алдағы өміріне қатты әсер ететін кезең.Бірақ барлық адамның балалық шағы жақсы сәттер мен естеліктерге толы болып өтпейді.

Ұлы ақынның балалық шағының өзі қиындық пен қасіретке толы болғанын «Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?» атты өлеңінен көрсек болады:

« ...Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?»

Соғыс келді:жүрекке жара салды,

Шапан еттім төсенген алақанды,

Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды...» [3]

Балалық шағы соғыстың кезіне тұспа-тұс келген ақынның өткеніне өкпесі бар екенін осы өлеңмен жеткізді.

Көпшіл оқырманға кеңінен тараған «Пай, пай, өмір!»  өлеңінде өз субьективтік көзқарасын көрсетеді:

«Пай, пай, Өмір!

Өтесің-ау бір күні.

...

Скачать:   txt (23.5 Kb)   pdf (130.7 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club