Менің өмірімнің философиясы
Автор: Karen97 • Февраль 9, 2022 • Эссе • 287 Слов (2 Страниц) • 1,162 Просмотры
Менің өмірінмнің философиясы
Менің өмірімнің мәні неде?
Мұндай сұрақ біздің ойымызда кездейсоқ шықпайды, әдетте, бұл жеке дағдарыс кезеңімен байланысты. Бұл уақытты қорқынышты, жағымсыз кезең деп ойлаудың қажеті жоқ. Адам есеие бастаған кезде осындай сұрақтар жиі туындап тұрады, және де есею кезеңі көбінесе біздің өмірімізде жауапкершіліктің пайда болуымен байланысты. Адамның өмірінің мәні ылғи да өзгеріп тұрады. Белгілі бір өмір жолындағы кезеңінде жасаған немесе әлі жасап үлгермеген нәрселерді қарастыра отырып, адам өзінің осы әлемде болу маңыздылығын қайта-қайта өзгертіп отырады.
Біз бұл әлемге кездейсоқ келіп, кездейсоқ қол жеткізген өмірімізді мағыналы нәрсеге айналдыруға мүмкіндік аламыз, яғни бізге құлаған өмірімізді мағынамен толтыру біздің қолымызда. Біз бұл өмірге қайта оралып, оны өзгерте алмаймыз, өміріміздің мағынаға толы болуына тек өзің жауапты екеніңді ұмытпау керек. Барлығы өз қолында. Сол себептен күніңді жай өткізбей, армандап, алдына мақсат қойып, оларға жете білу қажет.
Өмірдің мағынасын табуға деген ұмтылыс барлық адамдарға тән-бұл әрқайсымызға тән табиғи сапа. Алайда, көбінесе бұл біздің түпсанамыздың тереңінде сақталады, сондықтан біз не нәрсеге ұмтылатынымызды және түсінгіміз келетінін түсіндіру және нақты тұжырымдау қиын болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, әдебиет, өнер, үлкендердің тәжірибесі, психотерапевтпен, психологпен кездесу бізге көмектеседі.
Менің ойымша, өмірдің мәні менің әр іс-әрекетіме немесе қабылдаған шешіміме берілген мән арқылы ашылады. Бұл менің тұжырымдарым емес, бұл менің жүрегімнің ұмтылысы мен қажеттілігі. Жүрегімнің менің ойларыма, шешімдеріме және қадамдарыма беретін кез-келген мағынасын өмірімнің мәні деп атай аламын.
Менің өмірімнің мәні неде екендігі туралы ойлана отырып, мен өткен өмір жолы маған өзімді тереңірек білуге, өзіме сәл таныс болуға және өзіме түсінікті болуға мүмкіндік беретінін түсінемін.
Осыған сүйене отырып, ең алдымен, мен үшін менің ата-анамның бақытты да, сау болғаны маңызды. Олардың алдындағы парызымды орындау бірінші орында тұр.
...