Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны

Автор:   •  Март 12, 2020  •  Эссе  •  1,559 Слов (7 Страниц)  •  943 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]

Эссе

Менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны

Орындаған: Нүркенқызы Гүлім

Тексерген: Хайруллаева Венера

2019 жылы

        Таңдау – адамға берілген үлкен мүмкіндіктің бірі. Өмірімізде болатын көптеген жағдайларға әрқашан таңдау жасап отырамыз. Қандай тамақты тұтынатынымызды, қандай киімді киетінімізді, қайда баратынымыз мен кіммен жүретінімізді шешуден бұрын үнемі басымыз қатып, нұсқалардан шатасып жатамыз. Мамандық пен жар таңдау да біз үшін жауапкершілігі мол қимыл екенін білеміз. Бірақ біздің жасаған таңдауларымыз әрқашан дұрыс бола бермейді. Неліктен? Өйткені, таңдау – әр адамға дара. Сол үшінде сіздің таңдауыңыз өзгенің таңдауынан әлдеқайда бөлек, ерекше. Алайда, біз қаншалықты таңдау құқығына иеміз? Барлығын өз еркімізбен таңдап жүрміз бе? Жоқ, бұл жалған дүниеде көп нәрселерге таңдау жасай алмаймыз. Мысалы, қашан туылатынымызды, кім болып туылатынымызды, кімнің баласы болып туылатынымыз бен қайда туылатынымызды білмейміз және бұл біздің таңдауымыздан тысқары. Бірақта біз таңдап білмейтін заттар мен құндылықтар, құбылыстар өміріміздегі ең бағалылары екенін қалайша білмейміз? Соның бірі -  туылған күн. Мен Қазақстандағы «Мәдениет жылы» болып табылатын - 2000 жылы, тәуелсіз, бейбіт отанның жетінші қыркүйегінде дүниеге келдім. Қорқыт айтқандай « өткен күн -кеше, тарих, келер күн, ертең – сыр, ал бүгінгі күн- үлкен сый» демекші, бүгінімді сый деп білген мен балалық шақты артқа тастап үлкен өмірге қадам басып келе жатырмын. Сондықтанда осы эссемде өз туылған күнімде орын алған тарихи сәттерге баса назар аударғым келеді. Өйткені, әр адам үшін өз туылған күні ерекше болғандай, мен үшін де менің кішкентай ғана отаным үшін де бұл күн- бір мереке. Және туылған күнім  менің тарихымның  мызғымас бөлшегі. Және өз тарихымның Қазақстан тарихындағы орнын білу де  маңызды деп санаймын.

          Соғыс – күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Бір ғана Екінші Дүниежүзілік соғысты алайықшы. Сол  жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді... Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін ақтарған әрбір жан Қазақстанның соғысқа орасан көп үлес қосқанын білсе керек.  Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды[1]. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Неліктен соғыс туралы сөз қозғадым? Өйткені өзімнің сондай бейбіт өмірде дүниеге  келгеніме шүкіршілік деймін. Мен жейтін тамағымды  бөліп беруге мәжбүр болмадым, жастайымнан ауыр жұмыстарды жасауға мәжбүр болмадым, үнемі әкемді немесе ағамды сағынып терезеге термелген жоқпын және менің ойыншықтарым жауыздықпен күресу мен қырып жою мен өлтіруге арналған болмады. 7-ші  қыркүйек -соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған болатын[2]. Ия, тап менің туылған күнімде осынау тамаша бастаманың болғаны қандай жақсы болған. Өйткені көптеген соғыс ойыншықтары баланың физикалық денсаулығына зиян. Бірінші кезекте пистолеттер мен оқтар абайсызда зақымдауы мүмкін. Олардың салмағы да ауыр. Мектепке дейінгі балалар ойыншықтармен тәрбиеленеді. Олар ойын барысында бір-бірін пистолеттермен қорқытады. Мұнымен қатар, баланың кішкентай кезінде қорқып қалуы психологиялық ауытқуға алып келеді. Жастайынан қатаңдыққа бейім өскен балалар осындай ойындардың арқасында өзге балаларға аяусыздық көрсетеді. Сондықтан соғысты дәріптейтін немесе балаларды аяусыздық пен жауыздыққа үйрететін ойыншықтарды тәттілерге ауыстырғанын дұрыс таңдау деп білемін.

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (143.7 Kb)   docx (24.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club