Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаһандану әлемінде отансүйгіштік қасиетке қажеттілік бар ма?

Автор:   •  Декабрь 2, 2021  •  Реферат  •  524 Слов (3 Страниц)  •  300 Просмотры

Страница 1 из 3

1

«Жаһандану әлемінде отансүйгіштік қасиетке қажеттілік бар ма?»

     

Орындаған: «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті

Жұмабаев Сұлтан Талғатұлы

Пәні: Философия: жаһандану және тұлға I

Тексерген: Тлебалдиева Меруерт Доктирхановна

26.11.2021 ж.

2

Отансүйгіштік – өзіңнің туған жеріңе, тіліңе, діліңе, халқыңа, мәдениетіңе деген ынтызарлық пен құрмет сезімі. Бұл ұғым кез келген жастағы адамның ой санасында орын алатын салмақты және құрметті мәнге ие ұстаным. Дүние жүзіндегі әрбір елде өз мемлекеті үшін бірдеңе беруге, ұйымдастыруға дайын тұратын патриоттар, отанына деген сүйіспеншілік пен қарайтын адамдар табылады. Бірақта бір айта кетерлігі, қазіргі жаһандану әлемінде адам өмірі және әлеуметтік мәдениеті, оның ұстанымы жаппай өзгеріп отыруына байланысты патриоттық рух жоғалып бара жатқандай. Жаһандану әлемі – бұл «бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және біріздену үдерісі. Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және өндірістік ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың, экономикалық және технологиялық үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ әртүрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады.» Осы орайда сұрақ туындайды «жаһандану әлемінде отансүйгіштік қасиетті сақтап қала аламызба?»

Жаһанданудың өзіне тән ең әмбебап мағынасы - қандай да бір принцип негізінде  бүкіл жерді басып алуға ұмтылу. Қазір барлық елдер жаһандануға бейімделуде. Бұл Батыс өркениетінің игеріліуі кезінде төл тарих пен мәдениеттен айырылып қалу қаупі бар деген сөз. Бізге батыстық білім, ғылым мен технология керек, бірақ шамадан тыс қайталау дәстүрлі тәрбиелік және адамгершілік құндылықтарды жояды. Ендеше, жаһандануды кез келген ұлт немесе мемлекет зиянсыз ассимиляциялай алатыны анық. Жаһандану ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесін күрт ушықтырады, оның негізі, фундаменті ретінде патриотизмнің құндылығына күмән келтіру. Жаһандану барысында космополитизм мемлекеттердің мәдениеті мен идеалогиясына тереңдеп еніп патриотизіммен және отансүйгіштікпен соқтығысады. Экономикалық, саяси және интелектуалды қоғам арасында өздерінің антипатриотизімін, космополитизімін әшкерелеу сәнге айналып

3

барады.  «Космополитизм – елге қатысты патриоттық сезімдерден бас тартуға шақыратын теория, бірақ елге қатысты патриоттық ұғымды әлемге, жер планетасына қатысты  ұқсас ұғымдармен ауыстырады. Адамзаттың бірлігі - бұл оның негізгі идеясы.» Көптеген жастар өмірлік мақсатын өз елінің игілігі үшін еңбек ету емес, өзінің өмірін батыстық өмірмен реттеу деп санайтын секілді. Батыс елдері өзінің озық жетістіктерімен дамығандықтан, өмір сүру деңгейі жоғары болғандықтан жаһандану дәуіріндегі дамымаған немесе дамушы елдердің тұрғындары үшін стандартқа, эталондық топқа айналуда. Дамушы елдер батыстық эталонға тәуелділік танытып оны меңгеріп, үйреніп бара жатыр. Жаһандану ол елдердің арасындағы мәдениеттің алмасуы болғандықтан, адамдардың басқа елдің мәдениетіне еліктеп кетуіне кім кепіл. Жаһандану ұлттық мемлекетті бұзады. Сондықтан да жаһандану әлемінде отансүйгіштік қасиет өте маңызды деп санаймын. Сол себепті бұл қажеттілікті тудырмау үшін адамдарды патриоттыққа тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – бұл мемлекет саясатының бір бөлігі болуы тиіс. Халықты отансүйгіштік рухта қалыптастыру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамыту, ел бірлігін нығайту, мақтаныш сезімін оята білу бұл мемлекеттің қалыптасуындағы аса маңызды мәселелер. Осы факторларды біріктіруде патриотизмнің алатын орны маңызды. Өз елінің патриоты болу ол әр адам үшін мақтанышпен  және абыроймен байланысты. Сондай-ақ ол ел болашағы үшін күрес, жаһанданудан туындайтын нашақорлық, маскүнемдік, еліктеу, экстремистік пиғылдың көбеюімен күрес.

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (87.1 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club