Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий, философиядағы адам мәселесі

Автор:   •  Март 19, 2020  •  Эссе  •  1,512 Слов (7 Страниц)  •  2,303 Просмотры

Страница 1 из 7

        Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

     

       СӨЖ

Тақырыбы: Глоссарий, философиядағы адам мәселесі

                                                                               Тексерген: Кенжебулатова А.М

                                                                               Орындаған: Багдатова З.Б.

                                                                               Топ:УА-803

                                                     Семей 2020 жыл

                Глоссарий        

  1. Материализм (философия пәні) - адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық.
  2. Идеализм (философия пәні) - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас
  3. Гностицизм (философия пәні) - дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер.
  4. Агностицизм  (философия пәні) - дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкнідігі шектелген деп түсіндіретіндер.
  5. Скептицизм (философия пәні) - бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану.
  6. Суфизм  (шығыс орта ғасыр) - жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру.
  7.  Локаята (Ежелгі Үнді философиясы) - материализмге жақын көне үнді философиялық ілім. Шамамен б.д.д. 1-ші мыңжылдыктың ортасында туындаған. Негізін қалаушы болып әйгілі дана Брихаспат есептеледі.
  8. Легизм (Ежелгі Қытай философиясы) – конфуцишылардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдар арқылы басқару керек деген пікірлерге қарсы болып мейірімділік пен адамгершілік қылмысқа апаратын бірден бір жол, ал шын қайырымдылық өзнің бастамасын жазалаудан алады.
  9. Даосизм (Ежелгі Қытай философиясы) - а қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім.
  10. Джайнизм (Ежелгі Үнді философиясы) - бұл негізінен Үндістаннан табылған Джайн деген екі миллионға жуық ізбасарлары бар философиялық және діни жүйе. Б.з.д. VI ғасырда оның негізін қалау индуизм дініне қарсы наразылық болды.

                     Философиядағы адам мәселесі

«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап, адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп, табына беру деп уағыздайды.

Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қаралды. Жанның біреуден екіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік иелері (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын жылжымалы шекара бар. Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы, сансара - карма заңдарын білу қажет. Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор ықпал көрсетті.

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (94.2 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club