Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болмыс, субстанция, материя, монизм, дуализм, метафизика, рационализм, эмпиризм

Автор:   •  Июнь 16, 2022  •  Реферат  •  380 Слов (2 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 2

Жаңа заман онтологиясы

Басты түсініктер:

Болмыс, субстанция, материя, монизм, дуализм, метафизика, рационализм, эмпиризм

Болмыс

Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым.

Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе.

Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс – әрекеттері, нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады. Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады.

Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр: а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы.

Субстанция және материя

Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Субстанция ол дүниедегі барлық нәрсенің бастапқы мәні.

Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады.

Алайда, негізге алатын субстанция түрлі болады, субстанция ретінде материяны немесе рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (Фалес, Гераклит, Спиноза) және идеалистік монизмді (Платонның, Гегельдің философиясы) айыра білген жөн.

Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт).

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (84.3 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club