Бақыт
Автор: gulsim_p04 • Февраль 20, 2024 • Эссе • 1,482 Слов (6 Страниц) • 86 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Бақыт
Оқытушы: Балабекұлы Д.
PhD Философия докторы, аға оқытушы
Студент:Стамшал Гүлсім
Алматы, 2024 ж.
1.Кіріспе
Жалпылама бақыт жайлы
2.Негізгі бөлім
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кейде мен ойланамын бақыт расымен де не осы? Мен бақыттымын ба? Бақыт деген сөзді қалай түсінемін? Барлығымыз мінсіз өмір сүрмейміз, әр адам басында әртүрлі оқиғалар болып тұрады. Көп адам сол бір мәселенің кейбірінен өзін бақытсызбын деп ойлайды. Жоқ шынында бақыт немен өлшенеді? Ақша ма? Махаббат па? Сәттілік пе? Бақыт ол ауа секілді, бақыт бар кезде біз оны көрмейміз, ал ол жоқ болса, бақытсыз өмір сүре алмаймыз, өмірдің мәні де қалмайды. Бізде денсаулық, еркіндік, қауіпсіздік, жақсы көретін жақын адамдарымыз және жақсы көріп істейтін ісіміз бар. Оларды күнделікті бір бізде міндетті түрде болатын нәрсе секілді көреміз. Бірақ расында да оларсыз біз әлемдегі ең бақытсыз адам болар едік.
Яғни бақыт ол нақты бір анықтамасы жоқ ұғым. Әрбір замандағы әр қоғамда бақыт туралы өзіндік пікірлер бар, тұжырымдамалар бар. Бақыт мәселесі этикалық-философиялық ілімдердегі басты мәселелердің бірі болып қала береді. Ол моральдық сананың ең тұрақты және сонымен бірге динамикалық қатынасының бірін құрайды. Бұл мәселені зерттеуге көне заманнан бүгінгі күнге дейін барлық дәуірлер мен халықтардың ойшылдары көп көңіл бөлген. Бұл Эпикур мен Диоген, Сократ пен Аристотель, Сенека мен Марк Аврелий, Конфуций мен Лао-цзы, Л.Фейербах пен Ф.Ницше, Л.Н.Толстой мен В.В.Розанов және тағы басқалар. Бақыт идеясы этикалық ой тарихындағы алғашқылардың бірі болып табылады. Болгар философы Кирилл Нешев этикалық теорияның қалыптасуына серпін берген ол екенін атап көрсетеді. Адамзат тарихында бақыт мәселесі зерттелсе де, әр жолы оны түсінудің жаңа қырлары ашылады. Философия тарихындағы әрбір дәуірдің өз «бақыт манифесті» бар. Сонымен бірге, сонау өткен дәуір ойшылдарының идеялары бізді өзінің тереңдігімен және өзіндік ерекшелігімен, қазіргі этикалық және философиялық ізденістермен үндестігімен жиі таң қалдырады.
Бұл мәселені ортағасырлық араб-мұсылман философиясы мен шығыс аристотелизмінің көрнекті өкілі, энциклопедист ғалым Әбу Наср ибн Мұхаммед әл-Фараби де назардан тыс қалдырған жоқ. Оның еңбегін зерттеушілер әл-Фарабидің этикалық ой-пікірінің дамуын бастайтын басты мәселе – адамның сұлулық пен бақытқа қол жеткізуі, жалпы әлеммен үйлесімді өмір сүре білу мәселесі екенін атап көрсетеді.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”, “Бақытқа жету жайында”, “Бақыт жолын сілтеу” секілді еңбектерінде бақыт ұғымына тоқталып, бақытты адам қандай адам деген сұрақтарға кеңінен тоқталған. Осы еңбектерге тереңінен зер салып қарайтын болсақ, бақытты ғылыми тұрғыдан қарастырғанын байқаймыз. Өз тұжырымдамаларын ежелгі грек ғалымдарының ой-пікірлеріне, тұжырымдамасы мен айтқан сөздеріне қарап, ғалым ретінде терең ой жібере отырып зерделеуге тырысқан.
Менің ойымша, бақыт-сөзбен айтып жеткізе алмайтын құбылыс. Бақытты сезіну оңай, ал сипаттау қиын. Өмірге шынайы қанағаттанушылық, шынайы қуаныш эмоциялары болса, оны бақыт деп айтуға болады. Бақыт әрине іштен шығады, оны ешкімде ұрлап кете алмайды.
Бақытқа жету үшін расымен де не істеу керек?! Әбу Насыр Әл Фарабидың ойынша, адам бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттар көп. Біріншіден, ол білімді, содан соң қанағатшылық, ақыл-парасат, жақсы мінез-құлық, кішіпейілділік сияқты этика ғылымына қатысты жайттарды сөз еткен. Әл Фараби адам бақыт биігіне жету үшін, сол бақытқа жеткен кісіден сол жолды игерудің әдісі мен амалын табуды талап ететінін ескертеді де, “алдымен ескертіп алайық, адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді: артынан мадақтауға және жазғыруға болмайтын жағдайлар және мадақтауға не жазғыруға болатын жағдайлар. Артынан мадақтауға не жазғыруға болмайтын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Нәтижесінде әрі мадақтарға, әрі жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол бақытқа жетеді” деген ой түйеді де, осы екі жағдайды тізбелеп анықтама береді.
...