Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фарабидың “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша бақыт түсінігі

Автор:   •  Февраль 20, 2021  •  Эссе  •  691 Слов (3 Страниц)  •  1,358 Просмотры

Страница 1 из 3

Әл-Фарабидың “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша бақыт түсінігі

Бақыт түсінігін әркім әрқалай түсінеді.Біреулер үшін ақшы,байлық бақыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейді.Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінігін әркімнің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес. Енді біз осы бақыт түсінігін әл-Фарабидің “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша қарастырып көрейік.

Ұлы бабамыздың «Бақытқа жолын сілтеу» атты трактатында «... адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді» - дей келе , «адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді » және « артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді» - деп түйіндейді. Ол кісінің пайымдауынша, «әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу» екен : біріншісі – адамның іс-әрекеті ,мысалы, орнынан тұруы,отыруы,көруі , естуі; екіншісі – жандүние сезімдері, мысалы, құштарлығы , рахаты , қуанышы , ашуы , қорқынышы , жабырқауы , күйінуі , қызғанышы ; үшіншісі – ақыл-парасаты.

Өзіміз байқағанымыздай ұлы,ойшыл ғалымның пайымдауынша бақытқа жету үшін сені не бақытты қылады,сенің қалауың қандай, сен бақытты болуға ұмтыласың ба , сенде мақсат бар ма осы факторлардың бәрі бақытқа жеткісі келетін тұлғаның өзіне қоятын басты сұрақтардың бірі болып табылады.Адам баласы туғаннан бастап бақыт жолын іздейді.Адам өзіне не керегін білсе ол бақытқа апаратын жолды да біледі деуге болады.

Әл-Фарабидың адам бақытын теориялық кемелдікке теңеген көзқарасы ғалымның «Бақытқа жол сілтеу», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактаттарында берілген. Әл-Фараби бақытты білім арқылы кемелденумен теңестіреді.Бақыт түсінігін теориялық ізгілік ретінде дәлелдейтін көзқарасы ғалымның «Әс-Сийіса әл-Мәдәнийада» көрініс тапқан, трактатта көрсетілгендей , адамның әрекетшіл ақыл-парасаты кемелдіктің ең жоғарғы сатысына көтерілуіне септігін тигізсе, әрекетшіл ақыл-парасаттың осы деңгейі және сол сатыға адамның жетуі теориялық бақытқа кенелтеді, бұл жағдайда адам жоғары бақытқа қол жеткізеді.

...

Доступно только на Essays.club