Бақыт жайлы
Автор: Ayerke12 • Февраль 20, 2021 • Эссе • 374 Слов (2 Страниц) • 600 Просмотры
ФИЛОСОФИЯ СОЖ
Әл Фараби өмірге келген әрбір адам болу бақытты болу үшін өмір сүреді дейді. Өзінің еңбектерінде бақытқа жету жолында адам өз басынан үш түрлі деңгейді өткереді деп атап көрсетеді, олар: әрекет, жан эффектісі және ақыл парасат. Осы үш күйдің ішіндегі адамға бақытқа жетер жолда ең қажеттісі ақыл парасат. Адам ақылы жоғары, дүниетанымы кең болған сайын кейбір дүниелерді пайымдауға, ғылым мен өнерді ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықты ажыратуға мүмкіндігі жоғары болады. Ал бұл қасиет адамның бойынан табылса, таптырмайтын күш. Сонымен қатар, Әл Фараби өз еңбегінде «Бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат» деп жазған. Осы жазбалардан кейін адамның сүйікті ісімен шұғылдануы оған рахат алып келетінін, бақытқа жетудің кішкентай қадамдары екенін байқауымызға болады. Адам араласатын ортасын да байыппен таңдау керек. Қоғам жақсы болу үшін, адам жақсы болу керек деген. Әрбір тұлға әрдайым өзімен жұмыс жасап, жақсы және жаман қасиеттерін саралап, елге пайдасы тимесе де зиянын тигізбей жүрсе айналамызды қоршаған ортамызда керемет күйге бөленер еді. Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады». Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады. Ал жақсы мінез құлық пен әрекет бақытқа
...